4.Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі. Еңбекті ұсыну жағында жұмысқа жалданушылар атынан кәсіподақ тұратын жағдайда, еңбек нарығында монополия туындайды. Бұл жағдайда кез келген монополияланған нарықтағы сияқты баға тек қана сұраныс пен ұсыныстың функциясына ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың шығындары мен сұранысына да байланысты болады. Егер кәсіподақ еңбек нарығында монополиялық билікке ие болса, онда ол еңбекақы деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ұсынысын шектеуге тырысады. Кәсіподақтың монополиялық билігі жұмысшылар санын азайтып, еңбекақы мөлшерлемесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
WL
LS=МCПР WLПР LР=ARПР W*L MRПР
LПР L* L1 L
Сурет 3. Еңбек нарығындағы монополия
Кәсіподақтың «пайдасын» мейлінше арттыратын еңбекақы мөлшерлемесін анықтайтын үрдісі 13.4.1.- суреттен көруге болады. Кәсіподақтың шекті түсімнің қисығы еңбектің сұраныс қисығынан тікше болғандықтан, қарастырып отырған жағдайды еңбек нарығындағы жетілген бәсекемен салыстырғанда еңбекақы мөлшерлемесі жоғары, алу жұмыспен қамтамасыз ету төмен болып, жұмыссыздық пайда болып отыр.