2.Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі.
Тауар және өндірістік факторлар нарықтарын да жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1.Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп.
2.Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және оны әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бір-біріне тәуелді емес.
3.Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасамайды, оған әсер етпейді. Еңбекақыны белгілемейді.
Фирма өндірісте тек қана еңбек ресурсын қолданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты МР белгілі бір нүктеден кейін төмендейді. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы – жетілген бәсеке. Сондықтан еңбектің шекті өнімділігі азаюына байланыстышекті түсімділік, шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосымша түсім еңбектің шекті түсімділігі деп аталады.
MRPL=MR*MP
Жетілген бәсекелес шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: MR=P олай болса
MRPL=P∙MPL
Еңбектің шекті түсімділігінің қисығы – жеке фирманың еңбекке сұраныс қисығы болады.
Кез-келген жетілген бәсекелес фирма үшін еңбек ұсынысы өте икемді, ұсыныс қисығы айнымалы фактор орналасқан координата осіне параллельді түзу сызық болады. Еңбектің әрбір бірлігіне бірдей мөлшерде ақы төлеп еңбекақы жалданған жұмысшылар санына тәуелсіз болғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да болады.
w
W* SL=MRC
DL=MRPL
Сурет 2. Еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдігі
Әрбір фирманың басты мақсаты – пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізу. Пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, түсім шығынға тең.
Сонымен, пайданы мейлінше арттырудың шарты – еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |