Жарнама – сұранысты ынталандыру мақсатында өндірушінің немесе сатушының тұтынушылар үшін өнім туралы ақпарат беруі.
Жарнама – сауданың қорғаушы күші. Ол акциялар, дегустация, купон арқылы және көшелерде, баспасөз беттерінде жүргізіледі. Дұрыс жүргізілген жарнама – ұтымды жүргізіген фирма стратегиясының бір бағыты болып табылады.
Жарнаманы жақтаушы пікір:
бәсекені күшейтеді;
өнімді өткізуді ынталандырады;
монополиялық билікті бәсеңдетелі;
БАҚ-рын қаржыландырады.
Қарсы пікірлер:
бағаны өсіреді;
өзін-өзі жоққа шығарады;
салаға кіру үшін қаржылық кедергілерді тудырады;
бұқаралық ақпаратты керексіз деректермен толтырады.