Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет43/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)

Монополия





Тосқауылдың көп болуы

1-сурет. Монополияның ерекшеліктері


Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды ендіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан көлемінің барлық елдерінде өндіруші – монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептеленетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер тұғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:

  1. Ірі өндірістің басымдылығы;

  2. Легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше құқықтар);

  3. Бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.

Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды.Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса – құқығын бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес Үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіоуге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг- бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар – олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады . Ұсақ фирма шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет