Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Енді сұраныстың табыс бойынша икемділігін қарастыралық. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі



бет13/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71
2. Енді сұраныстың табыс бойынша икемділігін қарастыралық. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі тұтынушы табысы бір пайызға өзгерген кездегі сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді. Ол –бұл сұраныс көлемінің тұтынушы табысының (income – ағылшынша табыс) өзгерісіне деген сезімталдығын сипаттайтын көрсеткіш. Ол сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгерісін бөлу арқылы анықталады:
(5),
мұндағы - сұраныс көлемі
- тұтынушы табысы
- сұраныс көлемінің өзгерісі
- тұтынушы табысының өзгерісі.
Табыс бойынша икемділік коэффициентінің ерекшелігі – ол тауарлар санатына байланысты өзінің таңбасын өзгертеді. Егер сатып алушының жиынтық табысы артқан сайын сұраныс көлемі қысқаратын болса, сұраныстың табыс бойынша икемділігі теріс мәнге ие болады . Мұндай тауарларды төмен санатты немесе төмен сапалы тауарлар деп атайды. Бұл тауарларды тұтынушылар ақша қаражаттарының шектеулігі салдарынан қолданады. Табыстары артқан сайын сатып алушылар мұндай тауарларды тұтынуын қысқартады немесе олардан мүлде бас тартады. Бұл тауарлардың қатарына арзан макарондар, маргарин, жарма т.с.с. жатады. Табыс өскен сайын кейбір тауарларға сұраныс артады. Бұл тауарлардың табыс бойынша икемділігі теріс мәнге ие ( ). Мұндай тауарларды қалыпты немесе стандартты тауарлар деп атайды. Экономистер стандартты тауарлардың төмендегі түрлерін ажыратады:
Алғашқы қажеттіліктегі тауарлар. Мұндай тауарларға сұраныс табыстың өсуіне қарағанда баяу өседі. Бұл кезде икемділік коэффициенті болады. Алғашқы қажеттіліктегі тауарларға сіріңке, нан, сүт, тұз, шәй т.с.с. жатады;
Дәулетті тауарлар. Дәулетті тауарларға деген сұраныс табыс өсуіне қарағанда тез өседі. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда болады;
Екінші қажеттіліктегі тауарлар. Мұндай тауарларға деген сұраныс табыстың көтерілуімен қатар жүреді. Олардың икемділік коэффициенті болады.
Сұраныс икемділігінің тағы бір түрін қарастырайық. Әңгіме сұраныстың қиылысқан икемділігі жөнінде болмақ. Икемділіктің бұл түрі өзара бірін-бірі ауыстырушы және толықтырушы тауарлармен байланысты. Сұраныстың қиылысқан икемділігі бір тауардың бағасының өзгеруі екінші бір тауарға деген сұранысты қаншалықты өзгертетіндігін көрсетеді. Ол бір тауардың бағасы бір пайызға өзгерген кезде басқа бір тауарға деген сұраныс қанша пайызға өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, У тауарының бағасы өзгерді делік. Осы өзгерістің Х тауарының сұранысын қаншалықты өзгертетіндігін математикалық тілмен түсіндіруге болады:
(6),
мұндағы - Х тауарының сұранысының көлемі
- У тауарының бағасы
- Х тауарының сұраныс көлемінің өзгеру шамасы
- У тауарының бағасының өзгеру шамасы.
Бұл формула (6) сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициенті болып табылады. Сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициенті оң, теріс таңбалы және нольге тең болуы мүмкін.
Егер болса, Х және У тауарларын өзара ауыстырушы немесе субститут тауарлар деп атайды. У тауарының бағасының бағасының өсуі Х тауарына деген сұранысты арттырады, өйткені Х және У - өзара бірін-бірі ауыстырады.
Егер болса, Х және У тауарлары өзара толықтырушы немесе комплементарлық тауарлар деп аталады. У тауарының бағасының өсуі Х тауарына деген сұранысты азайтады. Егер болса, Х және У тауарлары бір-бірінен тәуелсіз немесе бір-біріне қатысы жоқ тауарлар деп аталады. Мұндай жағдайда У тауарының бағасының өзгеруі Х тауарының сұранысына әсер етпейді.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі жоғары болған сайын игіліктердің ауыстырушылық дәрежесі көп болады, ал қиылысқан икемділік төмен болған сайын тауарлардың өзара бірін-бірі толықтыру дәрежесі жоғары болады.
Егер болса, Х және У тауарлары – өзара бірін-бірі толық ауыстыратын тауарлар. Ал егер болса, Х және У – өзара бірін-бірі толық толықтыратын тауарлар.
Сұраныстың қиылысқан икемділігіне әсер ететін басты фактор – тауарлардың өзара ауыстырушылық немесе толықтырушылық қасиеті. Қиылысқан икемділік көрсеткіші өнімді шығаратын саланың монополиялық сипатта екендігін дәлелдеуде қолданылады.
3. Нарықтағы тауарлар мен қызметтердің ұсынысы игіліктердің бағасына әркелкі бейімделеді. Тауарды ұсынушылардың тауар бағасының өзгерісіне қаншалықты реакция беретінін анықтау үшін ұсыныс икемділігі көрсеткіші қолданылады. Ұсыныс икемділігі – бұл тауар мен қызметтер бағасының өзгеруі ұсынылатын игіліктер көлеміне қалай әсер ететінін көрсететін шама:
(7)
Ұсыныстың бағалық икемділік коэффициенті оң мәнге ие. Өйткені ұсыныс көлемі мен баға арасындағы байланыс тура сипатта және ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады. Өте икемсіз ұсыныстың қисығы вертикаль нышанда болады. Өйткені өте икемсіз ұсыныс тұсында ұсыныс көлемі бағадан тәуелсіз және болады
Қысқа мерзімде өндірушінің нарықтық баға өзгерісіне байланысты ұсынысты арттырып немесе азайтып отыруына мүмкіндік болады. Өндірушілер өндіріс көлемін арттыруға еңбек өнімділігін арттыру, материалдар мен шикізаттар көлемін арттыру арқылы қол жеткізеді.
Қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы ағымдық мерзімдігімен салыстырғанда кішкене оңға қарай көлбеу жасайды. Бұл кезде болады. Ұзақ мерзімдегі кезеңде ұсыныс қисығы қысқа мерзімге қарағанда да жатыңқылау болады. Уақыт өткен сайын ұсыныс икемді бола береді. Ұзақ мерзімде барлық ресурстар өзгермелі болғандықтан ұсыныс икемділігі қысқа мерзімдегіден, әдетте, артық болады. Өндірушілер ұсынатын тауарларының көлемін ұсыныс икемді болған сайын арттырады. Олар бағаның артуын өндірісті арттыру үшін пайдаланады.
Егер ұсыныстың икемділік коэффициенті бірден жоғары болса ( ), ұсыныс икемді, ал бұл көрсеткіш ноль мен бірдің аралығында болса ( ), ұсыныс икемсіз болады. болғанда, ұсыныс бірлік икемді деп аталады.
Икемді ұсыныс тұсында түсім баға өсуіне байланысты тез өседі. Ал икемсіз ұсыныс кезінде түсім бағаның өсуіне қарағанда баяу өседі. Микроэкономикада шексіз ұсыныс икемділігі немесе абсолютті ұсыныс икемділігі де кездеседі. Бұл ұсыныс қисығы горизонталь болған кезде орын алады. Берілген баға тұсында сатушылар кез-келген көлемдегі тауарды сатуға дайын. Дегенмен, ресурстар шектеулі болған жағдайда ұзақ уақыт бойы ұсыныс өте икемді болуы мүмкін емес.
Сонымен, ұсыныс икемділігінің басты ерекшелігі – ол уақыт аралығынан тәуелді болады. Мұнымен қоса ұсыныс икемділігі жүріп жатырған бизнестің ауқымына да байланысты. Мысалы, шағын бизнес саласындағы ұсыныс ірі бизнес саласымен салыстырғанда икемді болады. Өйткені шағын кәсіпорында басқару, ұйымдастыру, шағын нарыққа бейімделу жеңілірек болады.
Икемділік теориясы мемлекеттің салық саясатының салдарын анықтауда маңызды роль атқарады. Мәселен, мемлекет әр тауар бірлігіне салық салады делік. Бұл ұсыныс қисығының жоғары қарай параллельді орын ауысуына әкеледі. Салықты сатушылар мен сатып алушылар бөліп төлейді (2.7-сурет).


2.7-суреттегі жоғарыдағы тіктөртбұрыштың көлеміндегі салықты сатып алушылар, ал төменгі тіктөртбұрыш көлеміндегі салықты сатушы төлейді.
∆АЕЕ/ үшбұрышының ауданы салық ауыртпалығы немесе салықтың зияны деп аталады. Сұраныс және ұсыныс икемділігі салықтың көп бөлігін сатушы мен сатып алушының қайсысының көп төлейтіндігін білдіреді. Сұраныс немесе ұсыныс икемді болған сайын олардың қисықтары жатыңқы болады.
Икемді сұраныс жағдайында салықтың көп бөлігін өндіруші (2.12а-сурет), икемсіз сұраныс жағдайында сатып алушы төлейді (2.12ә-сурет).


Егер ұсыныс икемді болса, салықтың көп бөлігін сатып алушы (2.13а-сурет), ал ұсыныс икемсіз болса, көп бөлігін - өндіруші төлейді (2.13ә-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет