Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет41/48
Дата06.02.2022
өлшемі369,27 Kb.
#81395
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Байланысты:
Дәріс Тарих

Дәріс № 13,2
1.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері.
2. Экономикалық одақ құру туралы келісімі және Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы.
3. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру.
4. Н. Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.


1. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) -саясидиалогүшінарналғанхалықаралықұйым. Негізгімақсаты-жетілдірілгенбасқарумендемократиялықүрдіснегізіндегіаймақтықтыныштықпенқауіпсіздік. 3500 астамқызметкерлерініңбасымбөлігіжерлердегіістерменайналысып, алоның 10 %-ғажуығыбаспәтердеотырады.
ЕҚЫҰ, БіріккенҰлттарҰйымы астындағыұйым, алдыналаескерту, шиеленістердітоқтату, тоқырау-менеджментінежәнепост-конфликттікреабилитацияістерінеасаназараударады. 
Қазақстан бұлұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ымүшеболып ХелсинкидегіСоңғыАктіне шілденің 8-деқолқойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (ГерманияИталия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29-30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
Төрағалық жөніндегі шешім ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің Қазақстанның әлемдік процестегі позитивті рөлі , оның құқықтық , демократиялық мемлекет құруға шынайы ұмтылыстарын ресми бағалауы болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның реформаларының басты субьектісіне айналды, өйткені ол – ЕҚЫҰ дағы батыстың да , шығыстың да елдерімен жақсы қарым – қатынастағы және ешқайсысымен қайшылығы немесе территориялық таластары жоқ жалғыз және ішкі саясаты ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықпен сипатталатын бірден-бір мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда. ЕҚЫҰ ның төрағасы ретінде Қазақстанның алдында үш бағыттағы мәселелерді шешу міндеті тұр: әскери-саяси , экономика-экологиялық және гуманитарлық бағыт. 
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда, Орталық Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен , есірткі трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда7
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.
Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.
Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.
Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.
Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. 


2. Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО - ҚазақстанРесейБеларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді.
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған,[4][5] бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған.
Ке­дендік одақ (ағыл. customs union; нeм. Zollunionf) - екі немесе бірнеше мем­лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі.
2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - РесейБе­ларусь Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Ке­ле­шекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интег­ра­циялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.


3. 2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.
Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті болып өтті, онда «төрттік» басым бағыттағы келісімдерді дайындауға баса назар аударды. Әр тарап ұлттық экономикалық мүдделерді есепке ала отырып, бұдан әрі ынтымақтастық туралы пікірлерін айтты. Украина әр түрлі салада ортақ жобаларды жүзеге асыру (көлік, отын -энергетикалық кешендер) және ең алдымен еркін сауда аймағын құрайтын құжаттарды дайындауды ұсынды. Ресей, өз кезегінде, ағымдағы күрделі аспектілерді екіжақты түрде шешу және қызмет пен капитал нарығына қол жеткізу тәртібін ырықтандыруды ұсынды. Қазақстан кедендік және көлік одақтарын құруды ұсынды. Осыған байланысты президенттер ЖДТ-қа (жоғары деңгейдегі топ) бірінші кезектегі құжаттарды дайындауды тапсырды.
2004 жылы 15 қыркүйекте Астанада «төрттіктің» мемлекет басшылары БЭК құру туралы келісімді одан әрі дамытуға бағытталған шешім мен мәлімдеме қабылдады. Осылайша, бірінші кезекте қол қойылуға тиісті 29 халықаралық-құқықтық және т.б құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды өзара сатуда тағайындалған ел бойынша қосымша құн салығын салудың ортақ принциптеріне көшу туралы келісімге қол жеткізілді. БЭК мүше мемлекеттің ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған.
2005 жылғы 27 тамызда Қазанда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшылары жаңа мәлімдемеге қол қойды. Онда ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін 29 келісімнен тұратын құжаттардың 1-ші пакетін қол қоюға дайындау және 2006 жылдың 1 наурызына дейін интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне бағытталған 15 құжаттан тұратын 2- пакеттің дайындығы туралы баяндау тапсырылды. Сонымен бірге украиналық тарап өзінің ұйымға қатысу сатысын ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) нормалары мен ережелерін есепке ала отырып, әр түрлі деңгейлі және әр түрлі жылдамдықты интеграция принципіне сүйене отырып анықтайды делінген.
2006 жылғы 18 мамырда Минск қаласында өткен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғары деңгейдегі тобының кезекті мәжілісі барысында 2005 жылдың 27 тамыздағы Қазан қаласындағы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының Мәлімдемесін іске асырудың мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.


4. 2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Елбасының «мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.
Н. Назарбаевтың "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі - Президенттің әлемнің барлық халықтары мен көшбасшыларына соғысқа қарсы жаһандық жолдауын дүние жүзі мойындады. Манифест БҰҰ-ның ресми құжатына айналды. Жаһандық қарусыздандыру мәселелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифесттің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабаршысы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді. 
Бұл анағұрлым жоғары деңгейдегі дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты қолданылатын бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасы манифестте жаһандық процесс іске қосатын шарттарды нақты көрсеткен - соғыссыз және халықаралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмір. Еліміздің Президенті ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі дара көшбасшы болып табылатыны сөзсіз. Осы мәнмәтінде Н. Назарбаев жаңа жаһандық бағдарламалық ұсыныстардың бас генераторына айналды. Бұл жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін жасау жөніндегі ғылыми жаңалықтарды бақылау және қаруды ғарышта, дүниежүзілік мұхиттың бейтарап суларында, Арктикада орналастыруға тыйым салу.
Елбасы дүниежүзілік қоғамды жалпы әлемдік проблемалар мен қауіп-қатерлерді шешуге барынша күш салуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет