Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мəн – мағынасын түсініп – білу үшін бірталай əдістерді пайдаланады.
Саяси құбылыстарды жəне процестердi əр түрлi əдiстер, яғни метод (грек. Methodos – зерттеу жолы) арқылы зерттейдi. Əдiстер арқылы логикалық операциялар өткiзiледi.
Саясаттануда ең бiрiншi құнды – нормативтi амал қолданды: саяси əрекеттер нормаларға жəне жалпы қоғам теңдiктерiне талпынуы қажет.Ең бiрiншi идеалды саяси тəртiп ұйымдастыру қажет, жəне шын мəнiсiнде болатын қатынастар.
Тарихи əдiстердi қолдану барысында, яғни өткен замандағы саяси құбылыстардың пайдалы əдiстерiн қазiргi кездегi саяси құбылыстардың пайдалы əдiстерiн саяси проблемаларды шешуде қолдану. Оны ең бiрiншi Н. Макиавелли қолданды.
Əлеуметтiк əдiстерде саяси ғылымның дамуына үлес қосты, яғни ол арқылы өмiр сферасын, мемлекеттiң əлеуметтiк табиғатын, оның билiгi мен басқаруын зерттейдi.
Антропологиялық тəсiл немесе əдiс саяси өмiрдегi адамзаттың, яғни адамның сапасы биоəлеуметтiк дамуы болып зерттеледi.
Бихевиористiк əдiс ХХ ғ. 20-30 жылдарында пайда болды. Ол саяси тəртiптi, яғни жеке тұлғаның немесе топтың өзiндiк тəрбиесiн зерттейдi.
Бихевиористiк əдiс ХХ ғ. 20-30 жылдарында пайда болды. Ол саяси тəртiптi, яғни жеке тұлғаның немесе топтың өзiндiк тəрбиесiн зерттейдi.
Бихевиоризмге сəйкес:
Саяси ғылымның жұмысы – болып жатқан құбылысқа бейне беру.
Iс-қимылдың өзi «стимул» жəне «реакция» қарым-қатынасын анықтайды.
Саяси тəртiптiң негiзiнде мотивтер жатыр.
Бихевиористі əдiс саясат дүниесiн бiртұтас ретiнде көрсете алмады, сондықтан 50-60 жылдары ХХ ғ. ортасында жүйелi қатынас енгiзiлдi. Бұл жүйеде саясаттың құрама бөлшектерiнiң iшкi байланыстары ашылып, оның сыртқы ортаға əсерiн зерттейдi.Қоғамның дамуы барысында саясаттың орнын белгiлейдi.