Дәріс №1 Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Саясаттанудың негізгі қызметтері

бет6/7
Дата15.10.2023
өлшемі1,81 Mb.
#185542
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№1 дәріс
Заманауи Психологияның салалары, бұлбұл сөж, реферат, prezentatsiya 14 mn omke,-etu-2023, Аминдер және аминқышқылдары, 7 сынып, 4 А топ элементтері

3. Саясаттанудың негізгі қызметтері

Саясаттанудың пəні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрттанып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мəселелер шеңбері, жеке ғылыми пəн ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар.

Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тəртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады.

Оған қатынасқан дүниежүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пəні мына бөлімдер-ден тұрғанын жөн деп тапты:

1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы жəне қазіргі кездегі қызметі);

2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық жəне жергілікті басқару; көпшілік əкімшілігі, саяси институтгарды салыстырып зерттеу);

3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар;

4) қоғамдық пікір;

5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық кұқық).

Саясаттану пəні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.

Саясаттану пəні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.

Ол адамзаттың демократиялык қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндетгері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тəсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мəдениетті қалып-тастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мəні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет