Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Бюджет, қаржы, несие және ақша саясаты аясында



бет16/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Бюджет, қаржы, несие және ақша саясаты аясында Үкімет: Президент белгілейтін тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік баға түзү саясатын талдап жасап, жүзеге асырады.
Әлеуметтік аяда Үкімет: еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын белгілейді; азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап, жүзеге асырады, т.с.с.
Ғылым, білім, мәдениет аясында Үкімет: ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгізудің, мәдениетті, білімді, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау аясында Үкімет: табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны тиімді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қылмыспен күресті қамтамасыз ету аясында Үкімет: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Қорғаныс пен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Үкімет: Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар аясында Үкімет: келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді, сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс немесе төтенше жағдайдағы қызметінің ерекшеліктері ҚР-ның Конституциясымен және арнайы заңдарымен реттеледі. Үкімет өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет