Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Ведомстволық қарасты мәселелерді шешу тәртібі



бет12/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Ведомстволық қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша :

  1. құзіретінің негізгі мәселелерін алқалы негізде, оның құрамына кіретін адамдардың көпшілік даусымен шешетін алқалы органдар. Мысалы Үкімет.

  2. құзіретінің негізгі мәселелерін басшылары шешетін жеке дара басшылық органдары, мысалы, министрліктер, агенттіктер.

  • Ұйымдастыру құқықтық нысандары бойынша ажыратылатын органдар, олар өздерінің көрінісін ең алдымен өздерінің атауларынан табады.

    Атқарушы билік органдарының жүйесі деп біріне бірі бағынышты органдардың өз араларында құзіретін бөлу негізінде олардың арасындағы тік байланыс түсініледі.
    Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР-ның Үкіметі, ҚР-ның министрліктері, ҚР-ның агенттіктері, ҚР-ның министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, әкімдер, өзге органдар.
    ҚР-ның Үкіметі ҚРсы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы, оның құқықтық жағдайы ҚРсы Конституциясымен (64-70 баптар); «ҚР Үкіметі туралы» 1995 ж. 18желтоқсандағы Конституциялық заңмен белгіленген.ҚР-ның Үкіметі ҚР да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер министрі, оның орынбасарлары, министрлер, Премьер-министр Кеңесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады, Президент Конституцияда қаралған тәртіппен Премьер-министрді тағайындайды. Премьер- министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді.Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
    ҚР-ның Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады.Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді. Үкімет өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсынсытарды талдап жасау үшін Үкімет жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтік кеңесші органдар құруға және таратуға құқылы. ҚР сы Үкіметінің өкілеттіктері еліміздің әлеуметтік экономикалық өмірінің әртүрлі аяларында неғұрлым айқын көрініс табады. Мысалы, Үкіметтің экономика аясында, бюджет, қаржы, несие, ақша саясаты аясында, әлеуметтік аяда, ғылым, білім және мәдениет аясында, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау аясында, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қылмыспен күресті қамтамасыз ету аясында сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар аясында өкілеттіктері бар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет