Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Жеке адам құқықтарының басымдығы мен кепілдендірілгендік қағидаты



бет11/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Жеке адам құқықтарының басымдығы мен кепілдендірілгендік қағидаты Қазақстан заңнамалары мен әкімшілік практикасы үшін жаңалық болып табылады. Қазақстанда көзделіп отырған құқықтық мемлекет құру мынамен сипатталады, жеке адамның құқықтары ең қымбат қазына болып табылады, ал барлық мемлекеттік органдар, оның ішінде атқарушы билік органдары да азаматтардың алдында жауапты. Азаматтардың құқықтары мемлекет органдарының, лауазымды адамдар мен билік өкілдерінің кез келген зорлық зомбылығынан сенімді қорғалуға тиіс.
Атқарушы билік органдарының жүйесіне орталықтандару қағидаты, яғни төменгі тұрған органдардың жоғарғы тұрған органдарға бағыныштылығы тән. Ол атқарушы биліктің әрбір органының өкілеттіктерінің көлемін заңнамалармен айқындап белгілеген кезде осы жүйенің тұтастығынан туындайды.

Атқарушы билік органдарының түрлері

Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны мен нақты бағыты бойынша айырылысады. Оларды мынадай түрлерге топтастыруға болады:



  1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша: республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарын бөлуге болады.

  2. Құзіретінің көлемі мен сипатына қарай мынадай атқарушы билік органдары бар:

- жалпы құзіретті, яғни, мемлекеттік басқарушылық қызметтің бәріне немесе көпшілік учаскелеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. (Үкімет, әкімдіктер);
- салалық құзіретті, функциялары мен өкілеттіктерін өздеріне тапсырылған басқару салаларының шегінде жүзеге асыратын органдар. (министрліктер, комитеттер);
- салааралық құзіретті, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын өздерінің қарауына жатқызылған арнайы мәселелер бойынша өкілеттіктер жүзеге асыратын органдар;
- аралас құзіретті, өзінің өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар.

  1. Құру тәртібі мен тәсілі бойынша :

    1. мемлекет басшысы құратын, мысалы, ҚРның Президенті ҚР Үкіметін, министрліктерін құрады.

    2. атқарушы билік органдарының өздері құратындары.

    3. жекелеген жағдайларда сайлау тәсілі қолданылады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет