Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Әкімшілік құқықтық қатынастағы заңдық фактілер



бет7/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право
Д
Әкімшілік құқықтық қатынастағы заңдық фактілер

Әкімшілік құқықтық қатынастар пайда болу, өзгертілу немесе тоқтатылу үшін әкімшілік құқықтық нормалармен қаралған шарттардың болуы талап етіледі.Бұлар заңдық айғақтар, яғни мән жайлар, әкімшілік құқықтық норма тиісті тараптардың арасында нақты құқықтық қатынастардың пайда болуын солармен байланыстырады.Әкімшілік құқықта заңдық айғақтарды еріктілік белгісі бойынша әрекетке және оқиғаға бөледі.Іс әрекет- әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар қандай да бір субъектінің белсенділікпен ерік білдіруінің нәтижесі. Олар заңды және заңсыз болулары мүмкін. Заңды іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленген мінез құлықтың ережелеріне толығынан сәйкес келеді. Олар заңды қылықтарға және заңды актілерге бөлінеді Заңдық айғаққа-заңды іс әрекетке мына жағдай мысал бола алады: азаматтың кәсіпкерлік ретінде тіркелі үшін қажетті құжаттарды беру, бұл азамат пен тіркеу жүргізетін әділет органының арасында нақты әкімшілік құқықтық қатынастар туғызуға келтіреді.


Әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауы,өзгеруі және қасқаруы үшін негіздеме ретінде заң фактілері алынады,олар тараптар арасында нақты құқықтық қатынастардың туындауы тиіс мән-жайлардың нормасымен белгіленеді.Әрекеттер мен оғиғалар заң фактілері деп танылады.
Заңдық айғақтар заңды іс әрекеттер болып атқарушы билік органдары шығаратын жеке дара құқықтық актілері де табылады.Бұл сияқты актілер, мысалы, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, ол атқарушылық іс жүргізу үшін негіз болады, мемлекеттік қызметтік қатынастарды өзгерту үшін негіз болатын мемлекеттік қызметшіні басқа лауазымға ауыстыру туралы бұйрық. Мына сияқты жеке дара құқықтық акт, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату жөніндегі қаулы құқық тоқтататын заңдық айғақ болып табылады. Заңдық айғақтар –заңсыз іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарына сай келмейді, оларды бұзады. Бұл мемлекеттік басқару аясы үшін неғұрлым аса тән болатын тәртіптік теріс қылық немесе әкімшілік құқық бұзушылық. Олар әкімшілік юрисдикциялық құқықтық қатынастардың пайда болуына кедергі келтіреді. Сондай ақ әрекетсіздік те заңсыз болуы мүмкін. Оқиғалар – бұл адамның еркіне байланысты құбылыстар , мысалы , өлім, табиғи апат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет