Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері
Әкімшілік-құқық нормаларын әртүрлі өлшемдер бойынша топтастырып,солар арқылы оларды түр-түрге бөлуге болады.Әкімшілік құқықтық нормалары өздерінің реттеушілік бағыттылығына және заңдық мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
1.Заңдық биліктік нұсқамалардың мақсаттарына сәйкес келетін олардың екі түрін бөлуге заңды түрде басты орын беріледі. Олар материалдық және процессуалдық нормалар. Материалдық әкімшілік құқ.қ нормалар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттерінің, құқықтарының кешенін, жауапкершілігін, яғни шындығында олардың әкімшілік құқықтық мәртебесін бекітеді. Әкімшілік құқықтың процессуалдық нормалары басқарушылық қатынастарға қатысушылардың оларға материалдық құқық нормаларымен бекітілген міндеттер мен құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.Бұл енді басқарушылық қатынастардың динамикасы.
2.Нақты заңдық мазмұны бойынша топтастыру. Ол практикада пайдаланылатын әкімшілік құқықтық реттеу әдістерінен туындаған:
міндеттейтін белгілі бір іс әрекеттерді міндетті түрде жасауға заңдық биліктік нұсқама бар нормалар.Мысалы, мемлекеттік қызметшіні жұмысқа алғанда атқарушы органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салатын осы нормамен қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тиым салатын заңдық биліктік нұсқама бар нормалар.Бұған әкімшілік құқық бұзушылық құрамын қарайтын әкімшілік құқықтық нормалар жатады.Уәкілеттік беретін немесе ерік беретін яғни нормаларда қаралған шарттар шегінде өз қалауы бойынша іс әрекет жасау мүмкіндігі қаралған әкімшілік құқықтық нұсқамалар.Ынталандыратын (көтермелейтін) яғни бұл сияқты нормаларда басқарушылық қатынастардың қатысушыларына олардың тиісті мінез құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық немесе моральдық ықпал жасаудың тиісті құралдары бекітіледі. Ұсынылатын нормалар, солардың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларына тиісті міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді түрі ұсынылады.Бұл сияқты нормалар, әдетте бақылау қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдарға және олардың лауазымды адамдарына арналады.
3.Әкімшілік құқықтық нормалар кімдерге арналғандығы бойынша топталуы мүмкін:азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет атқаруының негіздерін, әр түрлі коммерциялық, оның ішінде жеке меншіктік құрылымдардың ұйымдастырылуы мен қызметін, қоғамдық бірлестіктердің әкімшілік құқықтық мәртебесін регламенттейтін нормаларды бөлуге болады.
4.Көлемі бойынша мыналарға бөлуге болады: жалпы болатын мемлекеттік басқарудың барлық аялары мен салаларына күші болатын нормалар, бұлар Президенттің жарлықтарында және Үкіметтің қаулыларында болады.Салааралық мемлекеттік басқарушылық қызметтің қандай да бір жақтарын регламенттейтін нормалар, Салалық яғни салалық құзіретті атқарушы органдарға бекітілген аяның шегінде пайда болатын басқарушылық қатынастардың қандай да болмасын жақтарын регламенттейтін нормалар.
Достарыңызбен бөлісу: |