Әкімшілік құқықтық қатынастар:ұғымы,түрлері,ерекшеліктері
Әкімшілік-құқықтық қатынастар,әдетте,мемлекеттік басқару өрісінде,әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар деп қарастырылады.Әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қоғамдық болып табылады, онда тараптар әкімшілік құқықтық нормамен белгіленген және кепілденген өзара байланысты құқықтыр мен міндеттерді иеленушілер ретінде болады. Бұл құқықтық қатынастардың тараптары Қазақстанның азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттік қызметшілер, атқарушы билік органдары болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, олардың тараптарының заңдық тепетеңдігі болмайды. Олай болатын себебі әкімшілік құқықтық қатынас оған екінші тарапта болмайтын өкілеттіктері бар атқарушы биліктің тиісті өкілінің (атқарушы органның, лауазымды адамның )қатысуынсыз болуы мүмкін емес. Бұл белгі мемлекеттік басқарушылық қызметтің аса маңызды артықшылығымен айқындалған. Әкімшілік құқықтық қатынастарда атқарушы билік көрініс табады,олардың тараптарының бірі ретінде әрқашанда ерекше субъектісі болады. Бұл әкімшілік құқықтық нормалармен айқындалатын атқарушы органдар (лауазымды адамдар), осы нормалар атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін оларға қажет болатын биліктік өкілеттіктердің тиісті көлемін бекітіп береді. Тек осылардың қолында ғана билік бірыңғай басқарушылық ерік түрінде шоғырланады, сөйтіп оларды бір мезгілде басқа тарапқа қатысты жөнінде басым болатын жағдайға келтіреді. Сондықтан әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Шындығында мұның бәрі мынаны білдіреді, әкімшілік құқықтық қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесі, басқа сөзбен айтқанда жариялы құқықтық, яғни, мемлекеттік мүде тура және тікелей көрініс табады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды. Іс жүзінде, бұл бірлескен қызметтің қатысушыларының рекін бірыңғай басқарушы ерікке бағындыруын білдіреді. Бір жағынан басқару субъектісінің беділі немесе үстем болатын еркі, ал екінші жағынан, реттелетін басқарушылық қатынастарға барлық өзге қатысушыларының еркін соған бағындыру, осы себептен де бұл қатынастардың биліктік сипаты сонымен бірге билік басқарушылық процестерді еріктілікпен реттеудің құралы болып табылады. Бірақ бұл процестерге еркі мен сана сезімдері бар адамдар қатысады, нақ солар әкімшілік құқықтық нормалармен міндеттелген белгілі бір іс әрекеттерді жасайды неиесе олардан бас тартады. Ал осыдан келіп, шығатыны, әкімшілік құқықтық қатынастардың объектісі атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы басқарылатындардың еркі, сана сезімі және солар арқылы болатын мінез құлқы болып табылады.Әкімшілік құқықтық қатынас өзінің мәні бойынша басқарушылық бола отырып, оның пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы үшін кең аясы бар. Бұл мемлекеттік басқару аясы, оның ұғымы, шегі бұрын да, қазіргі кезеңде де атқарушы билікті іске асыру жөніндегі практикалық қызметтің көлемімен және бағыттылығымен анықталады. Тағы бір ерекшелігі, екінші тараптың тілегіне немесе келісіміне қарамастан да пайда болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастардың тараптарының арасында әр түрлі даулар болуы мүмкін.Мысалы азамат атқарушы органдардың өзі жөнінде жасаған іс әрекеттерімен келіспеуі мүмкін, заңды тұлғалар да олардың іс әрекеттерімен дауласуы мүмкін.Бұл сияқты дауларды шешу, әдетте , әкімшілік, яғни соттан тысқары тәртіппен жүзеге асырылады. Бұлай шешу өкілетті атқарушы органның даудың мәселесі бойынша біржақты заңдық биліктік шешім қабылдаудан көрініс табады. Даудың мәселесі көпшілігінде дауласатын басқарушылық іс әрекеттердің немесе шешімдердің заңдылығы болып табылады. Қолданылып жүрген заңнамалар әкімшілік құқықтық даулардың не дербес(мысалы, ҚРсы Конституциясының 13-б. 2-т. негізінде шағымдану), не баламалы (әкімшілік жазалар тағайындау туралы қаулыларға шағымдану жоғары тұрған атқарушы органға да, сондай ақ сотқа да шағым беруге болады) ретінде қарау мен шешудің сот тәртібін қараған. Сонымен , әкімшілік құқықтық қатынастар тараптарының арасындағы әкімшілік құқықтық даулар көпшілігінде атқарушы биліктің өкілетті субъектілерінің өздеріне тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыру жолымен шешіледі. Әкімшілік құқықтық қатынастар тараптары әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарын бұзған үшін жауапкершілікте болады. бірақ азаматтық құқықтық қатынастарға тән болатын бірі бірінің алдында емес. Кінәлі тарап уәкілетті атқарушы органның алдында жауапты болады. осындай тәртіппен, мысалы, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік пайда болады.Заңда қаралған жағдайларда жауапкершілік сот тәртібімен де болуы мүмкін. Мысалы ,бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған үшін. Сонымен әкімшілік құқықтық қатынас тарабының жауапкершілігі мемлекет алдында оның тиісті органдары, атқарушы орган не сот, арқылы пайда болады. мұндай тәртіп мынаған байланысты, әкімшілік құқықтық нормаларды бұзу жариялық құқықтық мүдделерге қол сұғады, оларды, қашанда белгілі , тек мемлекеттік органдар ғана білдіруге қабілетті.