Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі және субъектісі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар неше түрлі.Олардың түрлерге бөлінуі құқықтық нормаларды топтастыруға ұқсайды,себебі құқықтық нормалар қоғамдық қатынастардағы нормалардың жалғасы,проекциясы іспеттес.Әкімшілік құқықтық қатынастар өзінің сипаты, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі болады. Оларға тән заңдық биліктік элемент те әртүрлі көрініс табады.Осыларды ескере отырып, әкімшілік құқық ғылымы тұжырымдаған кейбір белгілер бойынша оларды түрлеп топтастыруға болады,бұл орайда ең алдымен басқарушылық байланыстардың сипатын анықтау ерекше маңызды.Осы тұрғыдан мыналарды бөлуге болады:
Атқарушы биліктің мән мағынасын тікелей көрсететін қатынастар, бұндай қатынастардың шегінде атқарушы биліктің тиісті субъектісі осы қатынастардың басқарылатын қатысушыларының мінез құлқына тікелей реттеушілік ықпал жасауды жүзеге асырады.
Тікелей басқарушылық ықпал жасау шегінен тысқары қалыптасатын , бірақ оны жүзеге асырумен байланысты қатынастар. Олардың бірінші – әкімшілік құқықтық қатынастардың негізгі түріне қатысты алғанда көмекші маңызы бар. Шындығында бұл жерде негізгі және негізгі емес басқарушылық байланыстар туралы айтылып отыр, яғни, сатылас және деңгейлес қатынастар. Оларды бұлай бөлудің негізіне олардың қатысушыларының өзара қарым қатынасының заңдық сипаты алынған. Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар негізінен мемлекеттік басқару аясына тән, өйткені әкімшілік құқықтық реттеудің мазмұнын, сондай ақ мемлекеттік басқарушылық қызметке тән басқарушылық байланыстарды ең толық дәрежеде білдіреді. Олардың мәні мынада : қатынастың бір тарабында, оның өзге тарабында болмайтын, заңдық биліктік өкілеттіктер болады.Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастардың барлық түрлерінде басқарушылық байланыстардың басты белгісі , яғни тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі айқын көрініс табады. Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар тараптарының заңды түрдегі теңсіздігі өзінің көрінісін бір тараптың өзге тарапқа заңды түрде тәуелділігінен табады, яғни бір тараптың өзге тарапқа бағындырылуын болжайды. Сонымен сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар үшін олардың шеңберінде тікелей басқарушылық ықпал жасауды жүзеге асыру және бір тараптың, яғни мемлекеттік басқарушылық қызмет субъектісінің заңды түрде көрініс тапқан еркінің басым болатын маңызы тән.Деңгейлес әкімшілік құқықтық қатынастар деп тек тараптары шындығында және заңды түрде тең құқылы болатын қатынастар ғана түсініледі, яғни оларда бір тараптың екінше тарапқа міндетті болатын заңдық биліктік әмірі болмайды. Нақты қатынасты деңгейлес деп тану үшін мынадай маңызды мән жайларды ескеру керек. Ең алдымен қатынастың бір тарабының басқасына қандай да болмасын нысанда заңды түрдегі тәуелділігі болмауы тиіс.Сонымен, бұндай қатынастарда бір тараптың екінші тарапқа арналған ерік білдірулерінің қандай да болмасын заңдық биліктік көрінісі міндетті түрде болмауға тиіс.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік нақты айқын құрылымы болады.Бұл мәселе осы кезге дейін дау туғызып келгенмен,құқықтық қатынастар құрамы мына элементтерден тұратындығында ешкімнің таласы жоқ,олар: құқықтық қатынастар субьетісі (қатысушысы),обьект (құқықтық қатынастың қол жеткізуге ұмтылған мақсаты),және іс жүзіндегі (немесе материалдық) және заң жүзіндегі мазмұны.
Нормаларға сәйкес құқықтар мен міндеттер жүктелген адам құқықтық қатынастар субьектісі (қатысушысы) бола алады.Әкімшілік құқықтың түрлік нормаларымен анықталынатын субьектілеріне қарағанда құқықтық қатынастар субьектісі әрқашан да нақты.
Әкімшілік құқықтық қатынастың обьектісі (мақсаты) - әр-қашанда мемлекеттік басқару өрісінде өзара жөнділікке және келісімшілікке қол жеткізу.
Іс жүзіндегі (материалдық) мазмұн дегеніміз,ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалардың нақты әрекеттері,ал субьективтік құқықтар мен міндеттер заңдық мазмұнға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |