Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халыкаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзак уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіңдер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция-қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі езгеруі. Ол әлеуметтік-саяси өмірдің, терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кен орын алады. Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды терең ойланған бағдарламасы болмайды.
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шенберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі- институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу аркылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялык қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі-сайлауға қатысу. Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін-референдум. Оған қатысушылар азаматтар сол арқылы өздерінің мемлекеттік билікке және т.б. маңызды мәселелер бойынша пікірлерін білдіреді. Оның қорытындысы заңдастырылған саяси шешімге айналады.
Саяси процеске қатысудың бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл сияқты билікке ықпал ету түрлері бар.
Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлердің жетілу деңгейіне тікелей байланысты.
Қоғам дамуының қазіргі замандағы әлеуметтік жаңарудың жоғарғы қарқыны, өмірдің барлық саласына сай қоғамдық қатынастардың өрлеуі саяси процестің жан-жақты жетілдірілуін, мейлінше үйлесімділігін қажет етеді.
3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің саяси дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар.
Қазақстан егемендігін алғаннан кейін саяси жүйесін демократиялық тұрғыда ұйымдастыруды негізгі заңында көрсетті.
1991-1995 жылдары-нақты тәуелсіздік сәтімен егемен Қазақстанның Конституциясы қабылданға дейін қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасы қалыптастырылып, бір партиялық өктемділіктен саяси плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға күш жұмсалды. Бұл кезеңде «Тұрақты да күшті экономика болмайынша саяси даму ауырда баяу жүретінін, жалпыхалықтық наразылыққа, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін». «Алдымен экономика, кейін саясат» деген ұстанымдар басты назарда болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн-мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымының жаңа моделі-президенттік республика осы Конституциядан бастау алады.
Саяси және экономилық даму 7 қазандағы 1998 жылғы өзгерістерді әкелді, яғни Президентті кезектен тыс сайлау туралы 48 баптың 1 пункті алынып тасталды.Өзгеріс бойынша Президенттің өкілеттілігі бірінші кезекте Сенат төрағасына, екінші кезекте Мәжіліс төрағасына, Үкімет төрағасына беріледі. Президент міндетін уақытша атқарушы Парламентті таратуға, Үкіметті отставкаға жіберуге, референдум өткізуге, Конституцияға өзгерістер енгізуге құқығы болмады. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77 ұлғайып, партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Үкімет мүшесінің жауапкершілігі арттырылды. Сонымен қатар Мәжіліс 5 жылға, Сенет 6 жылға, Президент 7 жылға сайланатын болды.
1995-2000 жылдары президенттік республика басқару нысанын таңдап алу арқылы елді посткеңестік экономикалық және саяси дағдарыстан шығарды. Саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін экономикалық тартымдылықты қамтамасыз етті.
Қазақстан 2001-2006 жылдары әлеуметтік-экономикалық серпінді секірісті қамтамасыз етіп, өңірлік көшбасыға айналды. Бұл аралықта Үкімет мүшелерінің кандидатуларын талқылау, әкімдердің халық алдында есеп беруі, сайлау заңнамасын жетілдіру, судьялар мәртебесін көтеру сияқты бірқатар шаралар жүзеге асырылды.
2007 жылы Қазақстанда елдің саяси жүйесін мұнан әрі қарай жаңарту тұжырымдамасына негізінен сәйкес келетін бірқатар айтулы оқиғалар болды. Біріншіден, 2007 жылдың 28 ақпанында Президент Н.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауында елдің әрі қарай дамуының жалғыз дұрыс бағыты деп жан- жақты жедел жаңғырта жаңарту жолын атады. Екіншіден, 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына саяси алаң мен саяси ойын ережесінің пішін үйлесімін өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ол мемлекет басшысының жекеленген өкілеттіктерін Парламентке беру, саяси партиялардың рөлін нығайту, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және Қазақстан халықтары Ассамблеясын нығайту, азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту мәселелерін қамтыды. Үшіншіден, 2007 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өткізілген сайлау елдің саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің басталғандығын көрсетті. Парламенттің төменгі палатасының құрамы пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы «Нұр Отан» партиясымен жасақталды, бұдан басқа, Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан сайланады. Соған сәйкес, бүгінде төменгі палата құрамы 107 депутаттан тұрады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өзінің алдынғылардан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті және Қазақстан халықтарының толық билігін алғашқы рет баянды етуімен ерекшеленеді. Онда дүниежүзілік талаптарға сай келетін азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық тетігі, экономикалық саяси қатынастардың жұмыс істеу алуандығы көрініс тапқан.
ХХ ғасырдың соңында қалыптасқан Қазақстан Республикасының саяси құрылымының Конституциялық сипаты осындай.