Пысықтауға арналған сұрақтар: Режим түсінігіне анықтама беріңіз?
Саяси режимнің түрлері?
Демократия түсінігіне анықтама беріңіз?
Антидемократиялық саяси режимнің түрлерін атаңыз?
Тирания және әскери хунта түсініктерін таратыңыз?
Авторитарлық саяси режимнің ерекшеліктерін атаңыз?
Тоталитарлық саяси режимнің белгілерін атаңыз?
Дәріс №12 Тақырыбы:Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару Сұрақтар 1.Демократия мемлекетті құрылыс формасы және және режим ретінде. 2.Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық, қазіргі. 3.Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастыру. Саяси жүйені жаңалау мәселелері. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау мәселелері.
1. Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кратос"— билік деген сөздерінен түрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады:
1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер кабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның, мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттык, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін" жаткызды.
Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдында теңдік болуы керек. Заң және кұқық — жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі. Билік иелері зан мен құқыкты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтықтық сенімсіздікті болдырмау керек. Оның кепілі-әділеттілік.
Жоғарыда көрсетілғен белгілермен қатар демократиялык принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.
Демократияның тарихи формалары 2. Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешті. Мысалы, оған баскарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айкындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайыкты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық кұкықты азаматтар көп болған жоқ. Кұлдардың, әйелдердің, баска қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халык кеңесіне, сотка қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді.
Халык кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан түратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерінен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде каралатын істерді дайындады.
Афины мемлекеттік кұрылысының үшінші маңызды демократиялық органын он болімнен тұратын халық соты құрды. Істің кандай бөлімде каралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылықтың алдын алды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізіліп тұрды. Ол да сотты әділ жүргізудің кепілі болды. Зандар халық жиналысында қабылданады. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға бағынды. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет етті.
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп калдыра алатын, саткысы келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алды.
Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын баска біреуге беру деген ойға да келмеген. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін. Антикалық демократия тура демократия болды. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияктылар болған жоқ.
Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жаксы жақтарымен сипатталады. Сонымен қатар олардың осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлык адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сиякты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сиякты болып көрінді. Демократияның мүндай түрі тобырды басқаратын демагогтарға қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұстамды, дұрыс шешім кабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады.
Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне карай емес жеребемен койдырады деп Платон да жақтырмады. Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазіргі әлемде ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жана деңгейде қайталанғандай: президенттік билік-патшалық билікті, сенат- аристократияны, өкілдер палатасы-халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардын теңдігі, саяси құқыктардың теңдігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазіргі демократиялық режимнің ажырамас белгісі.
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ онын өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген енбегінде Ж.Ж.Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басты принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Осылайша, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін кабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық философияның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін салушылар да адамның рационалды жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, құлықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер (1883—1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумпетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес.
Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл Шумпетердін ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелестік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне карай топтар құрылады және солардын арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.
Либералдық принципте халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалык саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционерлік коғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айнадды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтардың жалпы максатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.