Демократияның алуан түрлілік және тобе топ теориялары Алуан түрліліктің («плюрализмнің») элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байкалған. Оған ең алдымен Дж. Локкпен Ш. Л. Монтескье көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж.Мэдисон (1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге баска топтардың сенімді қорғалуына кепілдік кебейеді. Ол антикалык полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін корғау идеясына қадам жасалды. Демократиянын алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей катысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдык және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылык, этникалық, мамандық, діни, аймақтык және т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті-қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдык теориясына ұқсас. Бірақ марксистер демократияның таптык мәніне баса көңіл бөледі. Соңғы кезде демократияның экономикалык, теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы, Американың президенті Б.Клинтон қазіргі Батыс демократиясына нарықтық демократия деген атау берді.
Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға манызды заң шығарушы немесе ішкі және сырткы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың пікірін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау аркылы заңнын немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары — еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы-сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
3.Қазакстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялык, құкықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқыктары мен бостандықтары көрсетілген, олар заңмен сот алдында тендестірілген. Әркім өзінің жанына жакын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.
Биліктің үш тармағы көрсетілді-атқарушы, заң шығарушы, сот. Билік қоғамдық күш тұрғысында жеке адамдардың еркімен қалыптаспайды. Ол обьективтік табиғи тарихи дамудың дамуы нәтижесінде пайда болады. Биліксіз және күштеусіз адамзат қоғамының болмағандығына тарих куә. Соған сәйкес саяси сала және онымен байланысты құбылыстар билікпен анықталады. Оған шығатын қорытынды, біріншіден, біреудің екіншіге еркін тануы, екінші жағынан, оған бағынуды көрсетеді. Билік пен демократия өзара тығыз байланысты.
3. Қазақстанда демократияландырудың жаңа кезеңі-еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту бірнеше кезеңдерден өтті:
1991-1995 жж- нақты тәуелсіздік сәтімен егемен Қазақстанның Конституциясы қабылданға дейін қазақстандық мемлекеттіліктің іргеиасы қалыптастырылып, бір партиялық өктемділіктен саяси плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға күш жұмсалды. Бұл кезеңде «Тұрақты да күшті экономика болмайынша саяси даму ауырда баяу жүретінін, жалпыхалықтық наразылыққа, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін». «Алдымен экономика, кейін саясат» деген ұстанымдар басты назарда болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн-мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Қазақстаннның мемлекеттік құрылымының жаңа моделі-президенттік республика осы Конституциядан бастау алады.
Саяси және экономилық даму 7 қазандағы 1998 жылғы өзгерістерді әкелді, яғни Президентті кезектен тыс сайлау туралы 48 баптың 1 пункті алынып тасталды. Өзгеріс бойынша Президенттің өкілеттілігі бірінші кезекте Сенат төрағасына, екінші кезекте Мәжіліс төрағасына, Үкімет төрағасына беріледі. Президент міндетін уақытша атқарушы Парламентті таратуға, Үкіметті отставкаға жіберуге, референдум өткізуге, Конституцияға өзгерістер енгізуге құқығы болмады. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77 ұлғайып, партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Үкімет мүшесінің жауапкершілігі арттырылды. Сонымен қатар Мәжіліс 5 жылға, Сенет 6 жылға, Президент 7 жылға сайланатын болды.
1995-2000 жж –президенттік республика басқару нысаны таңдап алу арқылы елді посткеңестік экономикалық және саяси дағдарыстан шығарды. Саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін экономикалық тартымдылықты қамтамасыз етті.
2001-2006 жж - әлеуметтік-экономикалық серпінді секірісті қамтамасыз етіп, өңірлік көшбасыға айналған елімізде бірқатар шараларды жүзеге асырылды:
Үкімет мүшелерінің кандидатуларын талқылау;
әкімдердің халық алдында есеп беруі;
сайлау заңнамасын жетілдіру;
судьялар мәртебесін көтеру.
Саяси жаңарту – бұл саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарының жаңа түрлеріне тұрақты және сәтті бейімделудің арта түсуі әрі қорларды бақылау ғана емес, сондай- ақ үкімет пен халық арасында тиімді сұхбат жүргізу үшін арналарды қамтамасыз ететін жаңа түрдегі институттар құру.Жаңартудың жолдары мен тәсілдерін талдауда зерттеушілер алдында мынадай сұраулар тұрды: мемлекеттік билік, саяси партиялар, басқа да саяси институттардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени ілгерілеуге неғұрлым тиімді мүмкіндік туғызуы үшін қандай саяси жүйені құру керек? Қоғамды басқарудың демократиялық тәсілдерін енгізу үшін саяси құрылыста қандай өзгерістерді жүзеге асыру қажет? Бұл сұрауларға жауап іздеудің негізгі мәселесі «қазіргі заманға дейінгі» қоғамнан «қазіргі заманғыға» өтпелі кезеңнің саяси жүйесіне талдау жасау болып табылатын саяси жаңартудың тұжырымдамасы пайда болғаны заңды да.
Ауқымды әлемдік қоғамдастыққа кіру қажеттілігіне тап бола отырып, посткеңестік мемлекеттер жаңарту жолына, яғни, негізінен, батысьтық дамудың қарқындары мен стандаттарына бейімделген әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер жолына түсті.
2007 жылы Қазақстанда елдің саяси жүйесін мұнан әрі қарай жаңарту тұжырымдамасына негізінен сәйкес келетін бірқатар айтулы оқиғалар болды. Біріншіден, 2007 жылдың 28 ақпанында Президент Н.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауында елдің әрі қарай дамуының жалғыз дұрыс бағыты деп жан- жақты жедел жаңғырта жаңарту жолын атады. Екіншіден, 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Конститутциясына саяси алаң мен саяси ойын ережесінің пішін үйлесімін өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Үшіншіден, 2007 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өткізілген сайлау елдің саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің басталғандығын белгілеп берді. Парламенттің төменгі палатасының құрамы пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы «Нұр Отан» партиясымен жасақталды, бұдан басқа, Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан сайланады. Соған сәйкес, бүгінде төменгі палата құрамы 107 депутаттан тұрады.
Конституциялық реформа нәтижесінде Үкіметтің Парламент алдындағы есеп берушілігі күшейтілетін болады. Мәжілістің ерекше қарамағынаберілетіні – Президентке Премьер- Министрді тағайындауға келісім беру қатысты болып табылады. Бұдан басқа, төменгі палата өзінің жалпы мүшелерініің көпшілік дауысымен, жалпы депутаттарының бестен бірінен төмен емес санының ұысынысы бойынша Үкіметке сенімсіздік білдіре алу құқығына ие бола алады. Парламент депутаттарының өкілеттілігінің кеңейтілуімен қатар әрі жауапкершіліктер де күшейе түседі. Бұл – дауыс беру сәтінде бірыңғай партиялық ұстанымды сақтап қалу қажеттілігімен байланысты. Депутат өзі сайланған саяси партиядан шыққан немесе шығартылған сәтте немесе оның таратылуы жағдайында өз мандатынан айырылуы мүмкін. Осыған байланысты, конститутциялық реформа Парламенттің билік пен саяси партиялардың сайланған органы ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы делдалдық етуші рөлі күрт артатын болатын саяси алаңның жаңа архитектоникасын жасайды.