Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет21/25
Дата05.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#1639
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси элита дегеніміз не?
2.Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?
3.Саяси лидер және саяси элита дегендердің айырмашылығын түсіндіріңіздер?
4.Саяси элитаның қызметі қандай?
5.Қазіргі Қазақстандағы элитаның жағдайы туралы.


Дәріс № 14 Тақырыбы: Әлеуметтік-этникалық қауымдастық және ұлт саясаты.
Сұрақтар
1.Қоғамның әлеуметтік-саяси этникалық топтары
2.Этностардың даму теориялары
3.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттар орны
4.Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері: ұлттық мәдениет, тіл саясаты


1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып – білудің мәні зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай – күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс - әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілермен сипатталады. Оағн ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы (не қатыспауы), қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты), кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асырауға қатынасы және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылары, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады. Мысалы, студент, қазақ, үлкен қаланың тұрғындары, т.б.
Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табыса, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.с ие болу мүмкіншіліктері жатады.
Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің оны ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс – қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік – демографиялық (жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа бөлу), әлеуметтік – таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады. Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымының негізгі түрі деп қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.
2. В.И.Ленин «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынандай анықтама береді: «Таптар деп адамдардың үлкен топтарын, қоғамдық өнірістің тарихи белгілі бір жүйесінде олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал – жабдықтарына олардың (көбінесе заң мен бекітіліп, қалыптасқан) қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын айтады». (В.Ленин. Шығармалартолық жинағы, 39 – том, 16 - бет). Мұнда таптың негізгі белгісі ретінде өндіріс құрал – жабдықтарына қатынастың бірдей болмауы көрсетіледі. Қалған белгілердің бәрі соған байланысты дейді. Ол адамның қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнын және оның жалпы әлеуметтік жағдайын айқындайды деп санайды. Әрине, қоғамдық жағдайда бұл белгінің мәні зор. Бірақ сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік мәртебесі т.с.с. Ал оларды адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық өндіріс жүйесінен әрқашан тікелей туады деп айту қиын. Әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін ХХ ғасырда әлеуметтік стратификициялану деген ұғым кіргізілді. «Страт» латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады.
Әлеуметтік жіктелуге (стратификациялануға) қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді (топтарды) қарастырып оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Әлеуметтік жіктелу теориясы, міне, осы талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелуі болады.
Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады. Ол билік жүйеіндегі барлық жағдайын, басқара алатын объектісінің (өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының) аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан – жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Қоғам үздіксіз дамып, өзгеріп отырады ғой. Марксистік тапқа бөлу теориясы ол өзгерісті байқап, көрсетуге икемсіз болатын. Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден, бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.
Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға жуық табысты пайдаланып келеді. Ал Кеңес Одағында оны марксистік- лениндік таптар мен тап күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті пайдаланса, бұрынғы КСРО – дағы әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің бет пердесі ашылып қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идеологияның оны қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін өзгертіп, бұрмалауға тырысты.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет