2. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениеттінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасттары «Құдай қаласы туралы» деген енбегіне баяндалған. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектеріне қаралды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндегі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы». XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
2.Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз?
3.Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді айтады?
4.Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың саясат туралы пікірлері нені меңзейді?
5.ХХ ғасырдың саяси көзқарасы саясат туралы нендей пікірлерді баяндайды
Дәріс №3 Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының қалыптасу тарихы
Сұрақтар:
1.Қазақ халқының саяси ойларының қалыптасу тарихы.
2.Ж.Баласағұн, Қорқыт ата, А.Яссауи көзқарастары.
3.Фольклор – қазақ халқының саяси-ой пікірінің қайнар көзі.
1. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі – біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл Әл-Фараби. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) – атты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі енбегі «Құтадғу білік» («Бақытқа жеткізуші білік», кейбіреулер «Бақыттылық жәйлі ілім» деп те аударып жүр) дастанынан білеміз .Бұл еңбектің ерекшілігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, ана тілі – түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншілен, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екінші – ден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек.
2. Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент (Иеникент) қаласында ( VIII—IX ғ.ғ.) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін “Жер ұйығын” іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны “Су аяғы — Ер қорқыт” деп те атаған.
Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қазіргі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В.М.Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжағыш ақылгөй болған.
Оғыз-қыпшақ қоғамның ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік қызметін атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл-Еркі, Тұман хан және Қаңлықожа. Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар Қорқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан.
Әр түрлі аңыз-әңгілелерде Қорқыттың туған жыл мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал “Деде Қорқыт кітабында” Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың заманына жақындатады. “Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты”, — дейді ол кітапта.
Қазақтың аңыз-ертегілерінде Қорқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады. Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә.Х.Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тоғыз күн ұдайы қатты толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады. Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық “Қараспан” деп аталған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен қорыққан халық жаңа туған балаға “Қорқыт” деп ат қойған. Мағынасы “Қорқыт, қорқытты” деген ұғым береді.Махмуд Қашқаридың айтуынша, халық өлеңдерінде, “Оғызнама” жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. Х.Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық (Қаратау) немесе “Қараспан” деп аталған.
Қорқыттың нақыл сөздері
Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарның бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой…
Ол алдымен оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт Атаның сөзін халық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.
Қорқыт Ата сөйлейді:
Алла, Алла дейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас, Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.
3. Күл - төбе болмас, күйеу бала - ұл болмас. Қара есек - басына жүген кигізсең де тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас. Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс - біз болмас. Ежелгі дұшпан - дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Қара болат өз қылышыңды шалмайынша, жаудың тауаны қайтпас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.
Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұлы - атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар. Ұлдың күні қараң, ата өліп, мал қалмаса. Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса. Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған.
Жәнгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Ру басылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп мен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық айып-жаза, алым-салық және т.б. қаралады.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
2.Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз?
3.Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді айтады?
4.Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың саясат туралы пікірлері нені меңзейді?
5.ХХ ғасырдың саяси көзқарасы саясат туралы нендей пікірлерді баяндайды
Дәріс №4 Тақырыбы: Қоғамның саяси жұйесі
Сұрақтар:
1."Саяси жүйе" ұғымының мәні
2.Саяси жүйе құрылымы мен міндеттері
3.Саяси жүйенің түрлері
4.Саяси жүйені жіктеу.
1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы - саясаттану ғылымындағы өте күрделі мәселелердің бірі. Саяси жүйе - қоғамдық жүйенің, құрамдас бөлігі, қоғамдық жүйе саяси жүйеден бұрын қалыптасқан. Қоғамның саяси жүйесі - саяси қатынастарды, саяси сананы, саяси нормалар мен принциптерді қоғамның саяси ұйымдарын қамтитын саяси қондырманың ең басты бөлігі. Саяси жүйе ұғымы көпетеген қоғамдық ғылымдардың, назарында болып әр қырынан зерттеліп келеді. Ал саясаттану ғылымы саяси жүйені, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды саяси құбылыстарды әрекетке келтіріп реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік механизм деп қарайды. Саяси жүйе, қоғамның саяси әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тұтас саяси организм. Саяси жүйе негізін саяси билікке, ең бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар ірі қоғамдық жіктер мен әлеумттік топттар кұрайды. Саяси жүйе қызметі, болып жатқан саяси қатынастардың даму деңгейіне тікелей тәуелді болады. Саяси қатынастардың дамуы саяси институттармен ұйымдардың өмірге келуіне ерекше әсер етеді. Өйткені бұл аталған саяси мекемелер арқылы, таптар мен әлеуметтік жіктер, топтар өздерінің мүдделерін жүзеге асырады. Сондықтан таптар мен адамдардың әлеуметтік қауымдастықтары, көпшілік (қауым) қоғамның саяси ұйымдастырушы элементтері болмағанмен, сол қоғамның саяси жүйесінің әлеуметтік негізін құрайды. Ол саяси жүйе пайда болатын базис болып табылады. Ал мемлекет партия және қоғамдық саяси қозғалыстар, еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементтері. Сөйтіп саяси жүйе коғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады.
2. XX ғасырдың 50-ші жылдары американ саясаттанушы ғалымы Давид Истон саяси жүйені, қоғамдағы игілік көздері қалай бөлінеді, әділетті ме әлде әділетсіз бе осыған қарап анықтайды. Қоғам мүшелерінің арасындағы дау-жанжалдар осыған байланысты өздігінен реттеліп отырады. Ол саяси жүйснің басты екі міндетін бөліп қарайды:
1) саяси жүйе қоғамдағы байлықтарды дұрыс бөлетіндей қабілетінің болуы;
2) саяси жүйе қоғам азаматтарының осы бөліністің міндетті деп қабылдауына көздерін жеткізуінде дейді. Осының нәтижесінде қоғамдағы сұранысқа ұсыныс қызмет көрсетіп халықты қанағаттандыра алатындай дәрежеде бо-луы тиіс.
Ал ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен "кіріс", "шығыс" принциптері арқылы байланыста болады. Кірістің өзі екеу болады. Олар мынадай: біріншісі, саяси жүйеге қойылатын талаптар да, екіншісі сол өмір сүріп отырған саяси жүйені үнемі қолдап отыру. Мысалы, елдегі демократиялық өзгерістерді жылдамдату, халықтың күн көрісін төмендетпеу т.с.с. жатады.
Ал колдау арқылы саяси жүйе күшейе түседі. Қоғам өміріндегі дағдарыс тұсында халықтың саяси жүйеге түсіністікпен қарауы. "Кіріс" барысында сыртқы орта саяси жүйеге ықпал жасайды. Саяси жүйе қоғамдағы қордаланып қалған әртүрлі мәселелерді шеішіп реттеуге міндетті болады. Ал осыларды шешу, реттеу «шығыс» арқылы жасалады. Егер де билік басындағылар қоғам мүшелерімен санаспаса, олардың, шешімдері қолдау таппайды. Саяси жүйедегі "кіріс" псп "шығысты" реттеп отырмаса онда ол қайшылыққа апарады.
3. Саяси жүйенің төрт түрі болады (Д. Истон, Г. Алмонд)
1.Топтар мен жеке адамдардың іс-қимылын, әрекеттерін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
2.Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табу мүмкіндігі;
3.Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озат) белгілерді және т.с.с. бөлу мүмкіндігі;
4.Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік калып, жаңа жағдайға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Саяси жүйе атқаратын қызметтер сан-алуан:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің қалыпқа келтірілген, ережелерде, реттеліп бекітілген, яғни институциялық жағдайға келтірілген түрі. Осыдан конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің, мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орын-даудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе жинақтаушы, топтастырушы рөл атқарады. Олар барлығына ортақ алеуметтік мүдделер мен құндылықтар айналасында бірігеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмысына дамуына қажетті жағдайлар жасап отыру. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрал жабдықтарының меншік түрлерін құқықтық реттейді. Қаржы жүйесін; салық саясатын жүргізеді.
Тоталитарлық тәртіптің күйреу кезінде әр түрлі әлеуметтік-экономикалық көзқарастағы саяси партиялар мен қозғалыстардың өміргс келуі заңды құбылыс. Бұл әр түрлі көзқарасты жақтаушы, өз дербес бағдарламалары бар саяси партиялар мен қозғалыстар қоғамның өскелең талабынан туған жәйттер. Олар бүрыннан мықтап орныққан бюрократтық ұйымдардың саясатына наразылық ретінде өмірге келген ұйымдар болып есептеледі. Мысалы оған "Семей-Невада", "Азат", "Азамат", зейнеткерлердің "Поколения", "Өрлеу" және т.б. қозғалыстар, сондай-ақ "Азаматтық партия", Отан, Республикалық Халықтық партия, Коммунистік партиялар соңғы кезде тарих сахнасына шықты. Алайда, олар тек праволық мемлекет жағдайында ғана толыққанды өмір сүре алады. Еңбек ұжымдары, саяси жүйенің негізгі элементі. Ал еңбек ұжымдары өздерінің қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етіп қойған, өзара бір-бірімен байланысты әртүрлі тиісті міндеттер атқаратын қызметкерлер бірлестіктері. Тоталитарлы тәртіп үстемдігі кезінде еңбек ұжымдары саяси жүйенің сөз жүзіндегі жалған субъектісі болады. Мысалы, олардың қызметі тек белгілі бір еңбек саласымен ғана шектелді. Біздегі өндіріс құрал-жабдықтары да еңбекшілерге қарамаған, тек сөз жүзінде ғана солардікі деп есептелетіндіктен, оларға деген адамдардың қатынасы, ниеттері де немқұрайды екенін кеш мойындап отырмыз. Ұжым өмірінде болып жатқан басты маңызды мәселелерге қатысудан, еңбекшілердің өздері шеттетілген соң олардың экономикаға, саясатқа деген ынта-жігері, көзқарастары селқостыққа салынып немқұрайдылықты туғызды. Осындай күй кешкен еңбек ұжымдары саяси жүйенің негізі болу қабілетінен айрылады. "Саяси ұйым" деген ұғымға қарағанда "саяси жүйе" ұғымының мағынасы кеңірек. Соңғысына жоғарыда сөз болған саяси қатынастар саяси нормалар мен принциптер де кіреді. Ал саяси ұйымдар белгілі бір саяси міндеттерді іс жүзіне асыру үшін құрылады. Олар әрекеті барысында белгілі бір әлеуметтік күштің мақсатына қызмет етеді. Саяси жүйе өз қызметі, өмір сүруі барысында тұрақты да, белгілі бір кезеңдерде тұрақсыз да күйге де түсуі ықтимал. Тұрақсыз күй кешуі салдарынан ол түбірлі реформаға өзгеріске ұшырайды.
"Сөйтіп, саяси жүйе-саяси саланың бір бөлігі, яки билікті жүзеге асырушы, қоғамдық істерді басқару таптардың, әлеуметтік топтардың ұлттардың, мемлекеттердің арақатынасын реттеуші мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдардың бір-бірімен байланысты жиынтық жүйесі. Ол қоғамның тұрақтылығын және әлеуметтік тәртіпті сактауды қамтамасыз етеді. Қоғамның саяси жүйесінің дамуының басты бағыты – терең демократиялық өзгерістер жасау, бюрократтық-әкімшілдік басқарудан айырылу, жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, кұқықтық мемлекетті калыптастыру, көппартиялық пен са-яси плюрализмді дамыту, заң шығарушы, істі атқарушы және сот органдарының дербестігін қамтамасыз ету, президенттік билікті жүзеге асыру, елдің толық тәуелсіздігіне қол жеткізу. Сонымен саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды реттеп отырады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей болмайды. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне сай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды.
4. Саяси жүйені жіктеп-топтау жөнінде әлі де ортақ пікір қалыптаспаған маркстік көзқарасты жақтаушылар саяси жүйені жіктеуде, қай қоғамдық экономикалық формацияда екендігіне, әлеуметтік-экономикалық құрылымына қарап, соны өлшем етіп алады. Бұл көзқарастан әлбетте құл иеленуші феодалдық, буржуазиялық, социалистік саяси жүйе келіп шығады.
Әлеуметтік негізге сай жіктелгенде әскери және азаматтық басқару ұлттық-демократиялық немесе буржуазиялық-демократиялық жүйе болып бөлінеді. Әр түрлі өлшемдерге сүйенген батыс саясаткерлерінің саяси жүйелерді түрлеріне қарай топтауларының, мәні ерекше. Елдегі басқарудың саяси тәртібіне қарай саяси жүйе демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып бөлінеді. Саяси тәртіп дегеніміз конституциялық заңдар жиынтығы мемлекеттік құрылыс, оны басқарудың бейнесі. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігі саяси тәртіптің қаңдай дәрежеде екенін белгілейтін өлшем ретіндс демократиялық дамуы мен қоғамның мүшелерінің саяси белсендігін алады. Осы негізге сүйене отырып олар саяси жүйені демократиялық және антидемократиялық деп бөледі. Демократиялық жүйеде өкіметтің билігін шектеп отыратын, бақылау механизмі мықты болады. Биліктің демократиялық тәртібі екіге бөлінеді. Олар президенттік және парламенттік басқару. Бүгін таңда 25 мемлекетте саяси өкімет билігі конституциялық монархиялық қолында болса, 4 елде шексіз билікті иемденген діни ұйымның қолында. Әлемнің көпшілік мемлекеттерінде биліктің демократиялық, респбуликалық жүйесі орнаған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақстанға Президенттік басқару жүйесі енгізілді. Президенттік билеу кезіндс атқарушы орган парламентке бағынбайды. Елдіңатқарушы өкіметі 7 жылда бір рет жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде болатын президенттің қол астында болады. Заң шығаратын құқық, парламенттеболады.
Ал биліктің парламенттік формасы бойынша ел басшысы, парламентке бағынады. Бұл тәртіп кезінде заң шығарушылық та, атқарушылық билік те парламенттің қолында болады. Атқарушы орган қызметін парламент арқылы жүргізді. Қазірде әлемде парламенттік мемлекеттердің әр түрі бар. Мысалы, парламентке сайланған депутаттар коалициялық кабинет құрады. Мұндай кабинетті парламентте жеткілікті дауыс ала алмағам жағдайда әртүрлі партия өкілдері келісіп құрады. Сөйтіп биліктің парламенттік тәртібі көпшілік дауысы бар бір партиялық және коалициялық бірігіп басқаратын келісімдік басқару түрлері болады. Демократиялық емес тәртіптер: Белгілі Испан саясаттанушысы Хуан Линде қазіргі әлемдегі демократиялық емес авто-ритарлы және тоталитарлы тәртіптердің арасындағы айырмашылықтарды ашты. Тоталитаризм концепциясының өзі 1950 жылы мәлім болды. Осы жылдары американ саясаттанушылары Карл Фридрихс пен оның сол кездегі жас әріптесі Збигнев Бжезинский тоталитаризмнің ғылыми негізін талдап берді. Олардың айтуынша: тоталитарлы тәртіп кезінде біріншіден мемлекеттік билікті толық иемденген (көпшілік еріксіз мойындаған) партияның болуы. Екіншіден, партия демократиялық негізде құрылмай бір лидер - жетекшінің қол астына шоғырландырылады. Мысалы, оған дәлел Гитлердің кезіндегі фюрерлік (лидерлік) деп фашистік билік тәртібі аталатын. Бұл принцип бойынша билік ету лидерден фюрерден төмөнге қарай мұқым халықты еріксіз, қорқытып бағындырумен жүзеге асырылады. Үшіншіден, бұл тәртіп кезінде идеология басты рөл атқарады. Тоталитарлы тәртіп - бұл идеологияға сүйенген тәртіп онда үнемі өздерінің ойдан шығарған "ертегі" қағидалары болады. Мысалы, Гитлер құрған ұлтшыл партияның арии нәсілі әлемдегі ең қасиетті өзгелерден артық нәсіл деп уағыздады. Сол тәртіптің жүргізетін идеологиясын билік басындағы саяси лидер белгілейді. Төртіншіден, тоталитаризм кезінде саяси институттар тарапынан өндіріс пен экономикаға дара билік орнатылады. Осындай билік мемлекеттің барлық саласын, ағарту, білім беру, акпарат құралдарының тетіктерін де, өз қол астарына қаратып мықтап ұстайды, оларға қатаң бақылау (цензура) орнатады. Таза тоталитарлы мемлекетте қоғамның саяси жүйелерінің бірде-бір саласы еркіндікте болмайды, бәрі қатаң бақылауда өмір сүреді.
Бесіншіден, тоталитарлы тәртіпте жаппай террорлық полицейлік бақылауға жол беріледі. Бұл тәртіптен полицейлік бақылау, күш қолдану кысым жасау басты әдіс болып табылады. Ол органдарға полициядан өзге де, НКВД, ВЧК. ГП У, КГБ және тағы басқа да осы сияқты жазалаушы қүқығы бар ұйымдар жатады.
Ал авторитарлы жүйені танып білу қиынға соғады. Өйткені авторитарлы жүйе автократия өмір сүрген мемлекетте болады. «Автократия» (грек сөзі) бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқару жүйесі. Автократия өмір сүрген мемлекет басқаруында демократияның да, тоталитарлы тәртіптің де белгілері білінбейді. Сөйтіп авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден айырмашылығы, биліктегі өкімет тоталитарлы тәртіптің мақсатын қайталамауында. Авторитарлы жүйе жалпыға бірдей идеология ұстанбайды. Аталған жүйе көбінесе ұлттық мүддеге басты көңіл бөледі. Авторитарлы тәртіптің бірі, діни адамдардың яғни діни ұйымның қолындағы билік. Мысалы, оған 1979 жылғы Ирандағы революциядан кейінгі нағыз теократиялық "дін иелерінің" құрған авторитарлы тәртібі. Әлемде авторитарлы тәртіптің бұдан өзге де түрлері бар. Мексикадағы көппартиялық жағдайдағы билікте отырған "революциялық" партия. Олар оппозицияға жол ашып сайлау өткізуге рұқсат берді. Алайда бұл қадамдардың көбі жасанды екенін де мойындауымыз керек. Бәрібір ондағы билікті бір партин қолынан шығармады. Үшіншісі - әскери билік. Бұл билік тұсында саяси қызметтерге тиым салынады, не шектеледі, демократия тұншықтырылады.
Төртіншіден, жеке дара билеу тәртібі - бұл жағдайда лидер мемлекеттегі институттардың әлсіздігіне қарамай, полицияның көмегіне сүйеніп билік жүргізеді. Бұл авторитарлы тәртіптегі ең тұрақсыз осал биліктің түрі. Биліктің бұл түрі үстемдік еткенде, өкімет басында басқа институттардың қолдауынсыз ұзақ тұру өте қиын болады. Алайда белгілі бір кезеңде тәртіптің бұл түрі де біраз өмір сүруі ықтимал.
Бесіншіден, қазірде жоғалып бара жатқан авторитарлы төртіптің бір түрі - монархия (монодара) болып табылады. Алайда монархиялық тәртіптің бәрі авторитарлы емес. Европада (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Дания, Бельгия, Люксембург, Испания) мемлекеттеріндегі монархиялық билік. Ал шындығында оларда мемлекеттік билік демократиялық парламенттің қолында. Монархтың мемлекеттің коғамдық өміріне араласуы конституциямен шектелген. Мысалы, Ұлыбританиядағы Королдік.
Даму сатысы біршама томен елдерде (Морокко, Иордания, Сауд Арабиясы Королдігі және т.б.) монарх нағыз ел билеуші ретінде өз күшіндс отыр. Қазіргі кезеңдегі саяси жүйенің тағы бір түрлі дәстүрлі және жаңартылған (тілекке сай өзгертілген) жүйе қалыптасуда. Дәстүрлі жүйеге дамымай қалған нашар азаматтық қоғамдағы саяси ролі елсізденген, билік қабілеттері бытыраған, бірақ ерекше дарынды әдіске сүйенген билік жатады. Жаңартылған қазіргі заманғы жүйеде дамыған азаматтық қоғам қалыптасқан, билікгің тиімді әдістері таңдалып алынған елдер жатады. Бүгінде саясатшы Ж. Брондел кең таралған саяси жүйені 5 топқа бөлген. Либералдық демократия-радикалды-авторитарлы немесе коммунистік, дістүрлі (тра-диционная), популистік және авторитарлы-консервативтік (кертартпа-ескіден айрылмаушылык,).
Ал зерттеуші Г. Алмондының жүйелерді топтауы, сол жүйедегі саяси мәдениеттер деңгейіне сүйеніп жасалған. Олар:
1. Англо-американдық;
2. Континенталды-европалық;
3. Индустриялы елге дейінгі және жартылай индустриялды;
4. Тоталитарлы.
Саяси жүйелер, алған бағдарларына қарай тұрақтылыққа немесе саяси өзгерістерге қарай консервативті ескі бұрынғы қалыптасқан тәртіптерді сақтап қолдаушылар болып, өзгертуші, қоғамды кайта құруды жүргізушілерболып екігебөлінеді. Соңғысы ірі реформа жасауға дайын болады. Оны 70 жыл бойы Кеңес жүйесінің тарихынан да байқауға болады. Сталин Хрущев, (1953 ж.) Хрущсв-Брежнев, (1964 ж ) Брежнев-Горбачев, (1)82-85жж.) Горбачев-Елыцин, (199ІЖ.). Халықтык өкімет деп аталған - социализм тудырған формалары мен әдісері адамзаттың әлеуметтік прогресіне орасан зор ықпал еткені шындық. Қазан төңкерісінің жеңісі нәтижесінде өмірге келген саяси жүйе (система) белгілі бір кезенде елеулі бұрмалауларға ұшырап, өзінің шын мәнін көрсете алмады. Оның басты себебі Сталин мен оның төңірегіндегілердің шексіз билігінен болды. Басқарудың сол жылдардағы қалыптасқан әміршіл-әкімшіл әдістері күні -бүгінге дейін коғам дамуының түрлі жақтарына кеселді әсерін тигізуде. Сол жылдардағы саяси жүйе шаруашылық пен әлеуметтік өмірдегі тоқырау кұбылыстарының үдеуінен сақтандыруға қабілетсіз болды. Өткендегі саяси жүйеге дер кезінде реформа жасауға талпыныс үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Түрлі мемлекеттік қоғамдық ұйымдарға "сайланған" азаматтардың саны еліміздегі ересек халықтың үштен біріне жетті, бірақ осының өзінде олардың негізгі бөлігі мемлекттік және қоғамдық істерді шешуге нақты қатысудан шеттетілді.
100-ге жуық одақтық және 800 тарта рсспубликалық министрліктср мен ведомстволарға дейін өскен басқару аппараты тоқырау кезінде іс жүзінде шаруашылыққа да саясатқа да өз әмірін жүргізе бастады.
Қоғамдық өмірдің шамадан тыс мемлекеттендірілуі де қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік жүйенің елеулі кемшілігі болды. Өткендегі саяси жүйе 70 жылдан астам уақыт қоғамдық өмірді заңдар шеңберіне ұйымдастыруға емес, негізінен өктем нұсқаулар мен жарлықтарды орындауға бейімделіп келді. Демократиялық принциптерді сөз жүзінде жариялау, ал іс жүзінде авторитарлық институттар туралы мылжың және социалистік өмір салтынын нормаларын іс жүзінде аяққа басу, сын мен жариялылықтың тапшылығы. Осының бәрі кең етек алып, қоғам өміріне тамырын жайып орны толмас зиянын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |