Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет5/7
Дата23.10.2016
өлшемі1,33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Саяси сана түсінігіне анықтама беріңіз?

  2. Саяси элита түсінігі?

  3. Саяси мәдениет түсінігі және оның қалыптасу ерекшеліктері?

  4. Саяси мәдениеттің қызметі?

  5. Саяси көшбасшыға қойылатын талаптарды көрсетіңіз?

  6. Саяси көшбасшы жіктеу түрлері?


Дәріс №10 Тақырыбы: Саяси процесс және саяси қызмет
Сұрақтар:

1.Саяси процесс ұғымы, оның мәні, құрылымы. Саяси процесс сатылары.

2.Саяси процестің типологиясы.

3.ҚР саяси процестер.

1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Саяси процестің өмірге келуі белігілі бір ойдан, идеядан туындайды да оның теорияға айналуына процестің субъектісі (үкімет, лидер және т.с.с.) оны теория дәрежесіне жеткізеді. Процесс элементтерінің өзара сәйкестілігі анықталады. Олардың билік субъектісі мен мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері арасындағы үйлесімділік болуы керек. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі мұқият ойластырылғанда ғана табысты болады.

Қоғамдық өмірдің бір саласы саяси өмір. Саяси өмір саяси байланыстың қарапайым формасы саяси қатынастардан көрінеді. Онда өмір сүріп жаткан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде үйлесіп, кейде келіспей жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайга келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондыктан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:

1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.

4.Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау-екі жолмен жүргізіледі: біріншісі-мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұның екінші атауы-«төменнен бақылау». Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамуы керек.

Сонымен саяси поцесс дегеніміз әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан екінші жағдайға келіп өзгеруі, қозғалуы.

Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне карай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді:

Ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т. б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының деңгейін көрсетеді. Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына карай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялық процесте билік авторитарлык көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады. Атқаратын кызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талаптарын ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын түріне тоталитарлык тәртіпті жатқызуға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолыңда, жергілікті жердің мүддесімен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шететтіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі.



2. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара катынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі:

Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді катынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялык жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіңдерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың жағдайы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарынын іс-қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.

Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халыкаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзак уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіңдер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция-қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі езгеруі. Ол әлеуметтік-саяси өмірдің, терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кен орын алады. Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды терең ойланған бағдарламасы болмайды.

Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шенберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі- институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу аркылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялык қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі-сайлауға қатысу. Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін-референдум. Оған қатысушылар азаматтар сол арқылы өздерінің мемлекеттік билікке және т.б. маңызды мәселелер бойынша пікірлерін білдіреді. Оның қорытындысы заңдастырылған саяси шешімге айналады.

Саяси процеске қатысудың бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл сияқты билікке ықпал ету түрлері бар.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлердің жетілу деңгейіне тікелей байланысты.

Қоғам дамуының қазіргі замандағы әлеуметтік жаңарудың жоғарғы қарқыны, өмірдің барлық саласына сай қоғамдық қатынастардың өрлеуі саяси процестің жан-жақты жетілдірілуін, мейлінше үйлесімділігін қажет етеді.

3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің саяси дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар.

Қазақстан егемендігін алғаннан кейін саяси жүйесін демократиялық тұрғыда ұйымдастыруды негізгі заңында көрсетті.

1991-1995 жылдары-нақты тәуелсіздік сәтімен егемен Қазақстанның Конституциясы қабылданға дейін қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасы қалыптастырылып, бір партиялық өктемділіктен саяси плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға күш жұмсалды. Бұл кезеңде «Тұрақты да күшті экономика болмайынша саяси даму ауырда баяу жүретінін, жалпыхалықтық наразылыққа, елді тұрақсыздандыруға соқтыруы мүмкін». «Алдымен экономика, кейін саясат» деген ұстанымдар басты назарда болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Ата заң қабылданған күн-мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымының жаңа моделі-президенттік республика осы Конституциядан бастау алады.

Саяси және экономилық даму 7 қазандағы 1998 жылғы өзгерістерді әкелді, яғни Президентті кезектен тыс сайлау туралы 48 баптың 1 пункті алынып тасталды.Өзгеріс бойынша Президенттің өкілеттілігі бірінші кезекте Сенат төрағасына, екінші кезекте Мәжіліс төрағасына, Үкімет төрағасына беріледі. Президент міндетін уақытша атқарушы Парламентті таратуға, Үкіметті отставкаға жіберуге, референдум өткізуге, Конституцияға өзгерістер енгізуге құқығы болмады. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77 ұлғайып, партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Үкімет мүшесінің жауапкершілігі арттырылды. Сонымен қатар Мәжіліс 5 жылға, Сенет 6 жылға, Президент 7 жылға сайланатын болды.

1995-2000 жылдары президенттік республика басқару нысанын таңдап алу арқылы елді посткеңестік экономикалық және саяси дағдарыстан шығарды. Саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін экономикалық тартымдылықты қамтамасыз етті.

Қазақстан 2001-2006 жылдары әлеуметтік-экономикалық серпінді секірісті қамтамасыз етіп, өңірлік көшбасыға айналды. Бұл аралықта Үкімет мүшелерінің кандидатуларын талқылау, әкімдердің халық алдында есеп беруі, сайлау заңнамасын жетілдіру, судьялар мәртебесін көтеру сияқты бірқатар шаралар жүзеге асырылды.

2007 жылы Қазақстанда елдің саяси жүйесін мұнан әрі қарай жаңарту тұжырымдамасына негізінен сәйкес келетін бірқатар айтулы оқиғалар болды. Біріншіден, 2007 жылдың 28 ақпанында Президент Н.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауында елдің әрі қарай дамуының жалғыз дұрыс бағыты деп жан- жақты жедел жаңғырта жаңарту жолын атады. Екіншіден, 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына саяси алаң мен саяси ойын ережесінің пішін үйлесімін өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ол мемлекет басшысының жекеленген өкілеттіктерін Парламентке беру, саяси партиялардың рөлін нығайту, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және Қазақстан халықтары Ассамблеясын нығайту, азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту мәселелерін қамтыды. Үшіншіден, 2007 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өткізілген сайлау елдің саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің басталғандығын көрсетті. Парламенттің төменгі палатасының құрамы пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы «Нұр Отан» партиясымен жасақталды, бұдан басқа, Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан сайланады. Соған сәйкес, бүгінде төменгі палата құрамы 107 депутаттан тұрады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өзінің алдынғылардан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті және Қазақстан халықтарының толық билігін алғашқы рет баянды етуімен ерекшеленеді. Онда дүниежүзілік талаптарға сай келетін азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық тетігі, экономикалық саяси қатынастардың жұмыс істеу алуандығы көрініс тапқан.

ХХ ғасырдың соңында қалыптасқан Қазақстан Республикасының саяси құрылымының Конституциялық сипаты осындай.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Саяси процес жәрне саяси өмір түсініктеріне анықтама беріңіз?

  2. Саяси процестің сатыларын көрсетіңіз?

  3. Саяси прцестің сатыларын көрсетіңіз?

  4. Азаматтардың саяси процеске қатысу нысандарын көрсетіңіз?

  5. Қазақстандағы саяси процестің ерекшелігі?



Дәріс №11 Тақырыбы: Саяси режимдер

Сұрақтар

1.Саяси режим ұғымы, типтері.

2.Антидемократиялық саяси режимдер.

  1. Демократиялық саяси режим.



1. Саясаттанудағы негізгі, әрі күрделі мәселелердің бірі –саяси билікті жүргізу түрі мәселесі. Бұл саяси режимге тікелей байланысты. Жалпы режим терминін екі мағынада қолдануға болады. Бірінші-саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институтарды қолдану деп көрсетуге болады.

Саяси режим демократиялық және антидемократиялық саяси режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формалды-демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:


2. Антидемократиялық саяси режимдердің көпшілігі бір-біріне ұқсас келеді. Оған халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим түрлері жатады. Антидемократиялық саяси режимдерді тоталитарлық деп топтауға болады. Тоталитарлық саяси режим қоғамдық өмірді ұзақ уақыт сақтап тұруға қабілетсіз. Сондықтан олардың күйреуі өз табиғатынан туындайды.

1. Партия монополиясының өмір сүруі;

2. Партияның өзінің демократиялық емес жолмен құрылуы;

3. Идеологияның үстем болуы. Оны саяси лидер анықтап отырады;

4. Тоталитаримз қоғам өміріне араласуда монополиялық бақылау негізінде құрылады;

5. Террористік полицияның бақылауы;

6. Адамдар саяси процестен толық аластатылады;

7. Билік барлық деңгейде бір орталыққа, жеке адамның немесе топтың қолына жиналады;

8. Халық арасында бір түрлі ой және бір ауыздан бақылау басым болып келеді, қарсы пікірге жол берілмейді;

9. Билік және билеуші аппарат барлық деңгейде жасырын түрде бюрократиялық номенклатурамен анықталып, сайланып отырады;

10. Демократиялық құқықтар мен бостандықтарға жол берілмейді.


Тоталитарлық саяси режимдерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
1. Фашистік режим-алғаш 1922 жылы Италияда құрылған. Оның басында тұрған Б.Муссолини қоғамды радикалды түрде түбірінен өзгертуге емес, керісінше Рим империясының рухын, ұлтты қайта жаңғыртуға үшін мықты мемлекеттік билікті орнатуға ұмтылды. Фашистік иделогия халық рухын тазартуға немесе ұлттық ділді қалыптастыру арқылы ұлттық біртектілікті қамтамасыз етуді көздеді. Фашизм-мемлекеттік партияға негізделіп, мелекеттің бәрінен биік тұру идеясын басшылыққа алды.

2. Әскери-фашистік режим. Бұл режим Испаниядағы генерал Б.Франко режимін алуға болады(1936ж.). Әскери-фашистік режим әдетте әскерге сүйенеді. Әскер мемлекетте шешуші, айқындаушы роль атқарып, фашистік иделогияны насихаттайды, либералдық және демократиялық идеологияларға тыйым салады.

3. Ұлттық социализм-1933 жылы Германияда орнаған режим. Бұған тоталитарлық режимнің барлық қасиеттері тән. Мысалы, бір партияның иделогиясының үстемдігі, харизмалық көсем, халық өміріне араласу, оларға бақылау қою, тыңшылық, репрессия, сыртқы жауларды іздеу т.б.

4. Әскери-бюрократиялық коммунистік режим. Оның белгілері-харизмалық көсем арқылы басқарылатын коммунистік партия, бірыңғай коммунистік иделогия үстемдігі, БАҚ мемлекеттік монополия, қоғамды жаппай милитаризациялау, террор жүйесі, экономиканы орталықтан басқару болып табылады. Мысалы: И.В.Сталин тұсындағы КСРО, Қытайдағы Мао Цзедун.

5. Тирания. Оның басты ерекшелігі шексіз тиран билігінің үстемдігі. Ол әдетте репрессия жасау органдарының (құпия полиция, ұлттық гвардия, әскер, арнайы террорлқы ұйым) билігіне сүйенеді және үкімет басшысы немесе көсем халықтың қорғаны деген иделогия қалыптастырады. Ол «халық атасы» образына ие болады. Мысалы: Уганадағы И.Амин, Орталық Африка Республикасындағы Бокасса, Парагвайдағы Стреснер, Гаити Республикасындағы Дювалье режимдері.

6. Ұлтшылдық концепция-апертидтік режим ұлттық және нәсілдік басымдылық идеологиясына, басқа ұлттарды экономикалық тәуелсіздікті ұстауға, террорға сүйенеді.

7. Теократиялық режим-бұл концепция негізінен діни догмаларға негізделеді. Теократиялық режимге Ирандағы Хомейни режимі мысал бола алады. Оның белгілері-біртұтас бұқаралық ислам партиясы, ресми шиитік иделогия, БАҚ мемлекеттік монополия, әскери құралдардың және әскери қимылдардың барлық түріне қожалық етуі, терролық тәсілдер халықты жаншуда басым, экономиканы орталықтан басқару болып табылады.

8. Авторитарлық режим өзінің ерекшеліктеріне байланысты тоталитарлық режимге де, демократиялық режимдермен салыстырғанда аралық сипатта болады. Онда тоталитарлық режимге де, демократиялық режимдерге тән белгілер болады. Автолитарлық билік қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыртқы күштерден қорғау және сыртқы саясат мәселелермен айналысады. Сонымен қатар ол экономикалық даму стратегиясына ықпал жасап, әлеуметтік саясатты қызу жүргізу мүмкін. Бірақ, мұнда нарық заңдары бұзылмайды. Саяси элита сақталады және ол тағайындалады. Қортыа айтқанда автолитарлық режим тарихта кең орын алған биліктің түрі. Олар түрлі болып келеді. Мысалы: монархия, деспоттық, диктаторлық, әскери хунталық, популистік т.б.



Демократиялық режим
3. Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кратос"— билік деген сөздерінен түрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады:

1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі;

2) мүшелерінін тендігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыс-пен шешімдер кабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның үйымдастырылу түрі;

3) қоғамдық құрылымның, мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жок. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттык, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады:

  1. Халықтың зан жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялык биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін" жатқызды.

  2. Заң алдындағы теңдік. Әділеттілік.

  3. Жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.

Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР).

Қазакстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялык, құкықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқықтары мен бостандыктары көрсетілген, олар заңмен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзіңде бекітілген.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Режим түсінігіне анықтама беріңіз?

  2. Саяси режимнің түрлері?

  3. Демократия түсінігіне анықтама беріңіз?

  4. Антидемократиялық саяси режимнің түрлерін атаңыз?

  5. Тирания және әскери хунта түсініктерін таратыңыз?

  6. Авторитарлық саяси режимнің ерекшеліктерін атаңыз?

  7. Тоталитарлық саяси режимнің белгілерін атаңыз?


Дәріс №12 Тақырыбы:Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару

Сұрақтар

1.Демократия мемлекетті құрылыс формасы және және режим ретінде.

2.Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық, қазіргі.

3.Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастыру. Саяси жүйені жаңалау мәселелері. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау мәселелері.
1. Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кратос"— билік деген сөздерінен түрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады:

1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі;

2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер кабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;

3) қоғамдық құрылымның, мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттык, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін" жаткызды.

Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдында теңдік болуы керек. Заң және кұқық — жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі. Билік иелері зан мен құқыкты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтықтық сенімсіздікті болдырмау керек. Оның кепілі-әділеттілік.

Жоғарыда көрсетілғен белгілермен қатар демократиялык принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.




Демократияның тарихи формалары
2. Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешті. Мысалы, оған баскарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айкындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайыкты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық кұкықты азаматтар көп болған жоқ. Кұлдардың, әйелдердің, баска қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халык кеңесіне, сотка қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді.

Халык кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан түратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерінен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде каралатын істерді дайындады.

Афины мемлекеттік кұрылысының үшінші маңызды демократиялық органын он болімнен тұратын халық соты құрды. Істің кандай бөлімде каралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылықтың алдын алды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізіліп тұрды. Ол да сотты әділ жүргізудің кепілі болды. Зандар халық жиналысында қабылданады. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға бағынды. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет етті.

Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп калдыра алатын, саткысы келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алды.

Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын баска біреуге беру деген ойға да келмеген. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін. Антикалық демократия тура демократия болды. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияктылар болған жоқ.

Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жаксы жақтарымен сипатталады. Сонымен қатар олардың осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлык адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сиякты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сиякты болып көрінді. Демократияның мүндай түрі тобырды басқаратын демагогтарға қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұстамды, дұрыс шешім кабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады.

Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне карай емес жеребемен койдырады деп Платон да жақтырмады. Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазіргі әлемде ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жана деңгейде қайталанғандай: президенттік билік-патшалық билікті, сенат- аристократияны, өкілдер палатасы-халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардын теңдігі, саяси құқыктардың теңдігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазіргі демократиялық режимнің ажырамас белгісі.


Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ онын өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген енбегінде Ж.Ж.Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басты принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Осылайша, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін кабылдайды.

Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық философияның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін салушылар да адамның рационалды жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, құлықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер (1883—1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумпетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес.

Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл Шумпетердін ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелестік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне карай топтар құрылады және солардын арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.

Либералдық принципте халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалык саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционерлік коғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айнадды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтардың жалпы максатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.




Демократияның алуан түрлілік және

тобе топ теориялары
Алуан түрліліктің («плюрализмнің») элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байкалған. Оған ең алдымен Дж. Локкпен Ш. Л. Монтескье көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.

АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж.Мэдисон (1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге баска топтардың сенімді қорғалуына кепілдік кебейеді. Ол антикалык полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.

Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін корғау идеясына қадам жасалды. Демократиянын алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей катысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдык және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.

Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылык, этникалық, мамандық, діни, аймақтык және т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті-қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.

Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдык теориясына ұқсас. Бірақ марксистер демократияның таптык мәніне баса көңіл бөледі. Соңғы кезде демократияның экономикалык, теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы, Американың президенті Б.Клинтон қазіргі Батыс демократиясына нарықтық демократия деген атау берді.

Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді.

Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға манызды заң шығарушы немесе ішкі және сырткы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың пікірін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау аркылы заңнын немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары — еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы-сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

3.Қазакстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялык, құкықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқыктары мен бостандықтары көрсетілген, олар заңмен сот алдында тендестірілген. Әркім өзінің жанына жакын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.

Биліктің үш тармағы көрсетілді-атқарушы, заң шығарушы, сот. Билік қоғамдық күш тұрғысында жеке адамдардың еркімен қалыптаспайды. Ол обьективтік табиғи тарихи дамудың дамуы нәтижесінде пайда болады. Биліксіз және күштеусіз адамзат қоғамының болмағандығына тарих куә. Соған сәйкес саяси сала және онымен байланысты құбылыстар билікпен анықталады. Оған шығатын қорытынды, біріншіден, біреудің екіншіге еркін тануы, екінші жағынан, оған бағынуды көрсетеді. Билік пен демократия өзара тығыз байланысты.




Дәріс №1 та
Пысықтауға арналған сұрақтар:
Пысықтауға арналған сұрақтар

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу