70 % ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III - деңгей (жоғары)
бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына əсер етеді,
тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл – ойы
дамиды, ойлауына жан – жақты əсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей
тапсырмалары
жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін
білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей
тапсырмалары материалдарды реттеуге жəне жүйелеуге берілген тапсырмалар,
үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару, қорытындылау
жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар -
өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған
тілдік,грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік
тапсырмалар құрамында
мəтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар
мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сəкес оқушыны
саралап оқытуға ыңғайлы,əрі оқу бағдарламасы
бойынша оқушының жас
ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға
беріледі.
Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.
Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен
жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында
деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.
Оқушының белсенділігі мен іскерлігіартып шығармашылыққа ұмтылады.
Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік
стандарт талабына сəйкес
бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас
ерекшеліктеріне сай болады.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып
бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы
өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дəрежеде.
Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлесуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба
жұмыстарын орындау көрсеткіштері індетті деңгейден əлдеқайда жоғары
болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлесу үшінші
деңгей оқушылардың
шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау
дəрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау
жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Хабарлау,
суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты əр түрлі
нұсқада диалог құрады. Мəтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау,
салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі
жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға
арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді,
оқушының өзі
мақсатын қояды, əдістерін іздейді, нəтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын
орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу
ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты
себеп болды.
Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,
оқушыларға қойылатын талаптардың əртүрлілігі жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - əрбір оқушы өзінің даму
деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: