Оқулықтың кіріспе бөлімінде, сабақ берушілерге
арналған ұсыныстар
келтірілді. Сабақты əңгімелеу барысында көрнекіліктерді пайдаланудың
тиімділігін көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлім «Жаратылыстану тарихының бейнелері» деп
аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді.
Осы бейнелер сабақ өту
барысында оқушыларға таратылып берілуге тиіс. Оқулықтың құндылығы,
барлық биологиялық мəліметтер нақты, ғылыми тұрғыдан дəлелденген,
оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде пайдалану жолдарын көрсете білген.
Әулие Петр қаласында «Растущий виноград» журналының бас редакторы
қызметін атқарды.
Жаратылыстану
пəнін
оқытумен
қатар
В.Ф.Зуев
сол
кездегі
жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын
шешу барысында
көптеген еңбек етті. Пəннің ғылымилығы, көрнектілігі,
оқушылардың білімді
саналы түрде игеруі, оқыту əдістерінің практикалық мəселелеріне тоқталды.
18-ші ғасырдағы жаратылыстану пəнін оқытудың негізін қалаушы, оны
бірінші рет оқу жүйесіне енгізуші В.Ф.Зуев болды.
Достарыңызбен бөлісу: