Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет75/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован
lektsiya kaz
Биология дәптері.


Биология сабағында оқушылар дəптер арнайды. Тақырыптың аты ірі 
жазылуы керек. Суретті қарандашпен, жазуын қаламсаппен жазу керек. Бірінші 
сабақта өзінде мұғалім өте жақсы дəптерлердің үлгілерін көрсете отырып, 
жоғары талап қояды. Дəптер сауатты толтырылып, таза, əдемі болу қажет. 
Дəптерде сабақтың тақырыбымен қоса сабақтың өтілген күні болу керек. 
Биология дəптерін кітаптағы бар суреттермен толтыруға болмайды. Ол 
оқушының көп уақытын алады. Дəптерде сабақта демонстрацияланған 
тəжірибелердің схемалары, тəжірибенің шарты, жүру барысы жазылып, 
қорытындылап, суреті салыну керек. Мысалы, тұқымның құрлысын оқу 
барысында тұқымның сыртқы түрін жəне кесінді түрдегісін салады, сонан соң əр 
бөлік нөмірленіп, олардың аттары жазылады. Биология дəптерінде көп орынды 
таблицалар алады. Сонымен бірге биологиялық терминдер жазылады. 
Биологиялық терминдер өзіне сəйкес түсіндірмелермен бірге болу керек. Үйге 
берілген сұрақтар мен тапсырмалар жазылады. Ал үйде осы дəптерге 
сұрақтардың жауабын жазады, есеп шығарады, таблицалар толтырылып, 
схемалар құрастырылады, танымдық тапсырмалар орындалады. Жоғары 
сыныптарда конспектілер жазылады. Үйде жүргізілетін тəжірибелер мен 
байқаулардың қорытындысы, топсеруендердің есебі жазылады. Сонымен бірге 
жазғы тапсырмалардың да орындалуы жазылады. кептірілген өсімдіктерді
жапырақ, тамыр т.б. жапсырылып аттары беріледі. 
Сонымен қатар дəптерге тəжірибелердің жоспары, оқу-тəжірибе 
учаскесіндегі байқаулардың қорытындысы жазылады.
Биология дəптерін жүргізуде оқушылар еңбекке тəрбиеленсе, оны сұлу да, 
ұқыпты ұстау эстетикалық тəрбиеге бауланады. 
Биология дəптерін мұғалім тексеріп, бағалап отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет