Дәріс №1 Ұялы қосымша интерфейсін жасау Білетін боласыңдар


-сурет. Фонның қара түске ауысуы



бет2/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,19 Mb.
#158207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-15дәріс (1) (13) (4)

1-сурет. Фонның қара түске ауысуы

Енді осы қара фонның үстіне кез-келген графикалық нысанды қосу арқылы оны ары қарай жетілдіруге болады. Ол үшін алдымен res/ бумасында drawable/ бумасын құрып аламыз (2-сурет).





2-сурет. Бума құру

Бума құрып болғаннан кейін, осы бумаға қажетті *.png графикалық нысанды қосамыз (3-сурет).



3-сурет. drawable/ бумасындағы графикалық нысан
Осыдан кейін drawable/ бумасында background.xml файлын құру керек (4-сурет), бұл жерде bitmap параметрін таңдау маңызды.


4-сурет. Жаңа XML-файлын құру

Жаңа файл ашылғаннан кейін, қажетті графикалық файлды қайдан ашу керектігін көрсететін жолды қосамыз:



android:src="@drawable/got">

XML-код редакторының фон түсін орнататын бөліміне қайта келеміз. Мұнда android:background="#000000" жолының орнына
android:background="@drawable/background" XML файлының сілтемесін жазып, сақтаймыз. Нәтижесі 5-суретте келтірілген.


5-сурет. Орнатылған жаңа фон

Алғашқы үлгіге қарағанда жаңа фон үлгісі тартымды. Алайда, енгізу өрісі мен батырма көрінбей қалды. Сол себепті фон таңдауда қателіктерге бой алдырмау керек. Алмастырылатын фонды drawable/ бумасында сақтаймыз (6-сурет).



6-сурет. Көшірілген суреттер

Енді background.xml файлын өзгертейік. Алдымен, суреттің ескі атауын жаңасына өзгерту керек: android:src="@drawable/starring"
Ары қарай, келесі жолды қосып, файлды сақтаймыз: android:tileMode="repeat".
android:tileMode атрибуты толтыру типін береді, біздің жағдаймызда алғашқы суреттің қарапайым көшірмесі. repeat қайталау циклынан басқа clamp және mirror нұсқаларын да көре аламыз (7-сурет).

7-сурет. Толтыру нұсқалары

Енді нәтижесін көрейік (8-сурет):



8-сурет. Жұлдыздардан құралған фон

Егер жылжымайтын фон орнатқымыз келсе, онда  элементіне android:background жолын қосамыз, ал фон мен мазмұны бірге қозғалыста болуы үшін элементі қолданылады.


Егер түсі ашық емес фондар қолданылса, онда мәтін түсін ашық етіп өзгертуге тура келеді, мысалы біздің жағдайымызда қара фонға ақ мәтін. Ол үшін  блогына android:textColor="#ffffff" жолын қосамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет