Дәріс №1 Ұялы қосымша интерфейсін жасау Білетін боласыңдар


Графиканы қарау облысын өзгерту



бет3/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,19 Mb.
#158207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1-15дәріс (1) (13) (4)

Графиканы қарау облысын өзгерту
Енді қолданушы бағалайтын суреттерді қарау облысын құрумен айналысайық. Ол үшін элементіне  жиегін қосамыз (9-сурет):

9-сурет. Жиек қосу

Ескерту беріп тұратын сары үшбұрыштың жоғалып кеткенімен жаңа элементтің жанында пайда болғанына назар аударайық. Бірақ бұл барлығы дұрыс жүріп жатқандығын білдіреді. Егер, бұл элементтің енін, ұзындығын және id орнатсақ, ескерту жоғалып кету керек.



10-сурет. Жиек қасиеттері

Біздің жағдайымызда FrameLayout элементі енгізу өрісі мен батырманың алдыңғы бетіне шығып кетті. Мұны түзету үшін "жиекке" енгізу өрісі мен батырмадан төмен қабатта орналастыру параметрін беру керек. Ол үшін Outline тізіміндегі "жиекті" тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, жанама мәзірден Other Properties -> Layout Parametrs -> Layout Below… командаларын орындаймыз (11-сурет).



11-сурет. "Жиектің" жанама мәзірі

Шақырылған терезеде енгізу өрісі мен батырма орналасқан Layout-тың "ID" таңдаймыз (12-сурет).



12-сурет. Жиектен кейін орналасатын элементті таңдау

«Ок» батырмасы басылғаннан кейін, енгізу өрісі мен батырма жиек алдына шығады (13-сурет):



13-сурет. «Жиектің» жаңаша орналасуы

Енді ұялы қосымшамызды жетілдіру үшін графикамызды қосайық. Алдымен, қажетті графиканы res/drawable/ бумасына орналастырып, оны жаңартамыз (14-сурет).



14-сурет. Буманы жаңарту

Ары қарай «Жиек» ішіне элементін қосамыз (15-сурет):



15-сурет.  элементінің орын ауыстыруы
Ашылған терезеде қажетті суретті таңдап, Ок батырмасын басамыз (16-сурет).

16-сурет. Файл таңдау

Таңдалған сурет белсенді терезе облысында пайда болады (17-сурет):



17-сурет. Таңдалған сурет

Міне, ұялы қосымша интерфейсіне қажетті әрекеттердің барлығы толық орындалды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет