Жылу өткізгіштік- топырақтың өз бойынан жылуды өткізуі. Ол 1 секунд ішінде көлденеңі 1см2, қалыңдығы 1см топыраққа өтетін каллория есебімен алынған жылу мөлшері.
Температура өткізгіштік деп топырақтың біркелкі қызып, температурасының бірдей болуын айтады.
Топырақтың жылу режимін аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай әр түрлі реттейді. Мысалы, республиканың солтүстік жақтарында жылу жетіспегеннен зардап шексе, ал оңтүстікте оның көптігінен зиян келеді.
Қыстыгүні танаптарда қар тоқтату тек ылғал мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, сонымен қатар жердің терең тоңданбауына, көктемде тез жібіуіне, сөйтіп микроорбиологиялық процестің ерте басталуына әсер етеді.
Жазғытұрым өсімдіктерді үсіктен сақтау үшін жылу сүйгіш өсімдіктерді кеш себу, жүзім-жеміс ағаштарына, көкөністерге түтін салу, ағаштардың қатты қызып кетпеуі үшін олардың діңгектерін әктеу қажет.
Өсімдіктердің санын өзгерту арқылы олардың жылу режимін реттеуге болады.
4.Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу
Топырақта өсімдіктерге қажет су, ауа, жылумен қатар коректік заттардың болуын оның коректік режимі дейді.
Көптеген анализдердің нәтижесінде өсімдіктер организмдерінде әртүрлі элементтердің болатыны анықталды.Олардың ішіндегі басым көпшілігі C, H, O, N, P, K, Ca, Mg, Fe макроэлементтер. Бұл элементтерді өсімдіктер жеке молекула түрінде емес, олардың қосылыстары түрінде пайдаланылады. Өсімдіктер үшін әр элеметтің өз орны бар.
Макроэлементтермен қатар өсімдіктерге микроэлементтерде қажет. Оларға B, Mn, Zn, Cu, Mo, Al, J және басқалары жатады.
Өсімдіктерге ең көп қажет азот, фосфор және калий (N,P,K).Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда аталған элементтердің қоры топырақта жеткілікті. Мысалы, Кравцовтың деректері бойынша қара топырақтардың бір гектарында N–12 тонна, P-6тонна, ал K -20 тонна екен. Осы келтірілген қорды өсімдіктер топырақтан алып пайдаланылатын мөлшермен салыстырсақ, ешқандай тыңайтқыш енгізбей-ақ жыл сайын жоғары өнім алуға болады екен деп ойлауға болады. Бірақ, істің мәні басқаша. Бұл келтірілген қордың көбін өсімдіктер пайдалана алмайды, өйткені олар көбіне органикалық қосылыс түрінде кездеседі, ал оларды өсімдіктер тікелей ала алмайды. Азоттың топырақтаорганикалық (10,4т/га), нитратты (60кг/га) және аммиакты (110 кг/га) түрлері кездеседі.
Өсімдіктер нитратты және аммиакты азотты сіңіре алатындықтан жоғарыда келтірілегн барлық азот қорының (12т/га) әр гектардан тек 170 кг ғана пайдаланады.
Фосфор топырақта аналық тау жыныстарында (аппатит, сильвенит), органикалық (көңде, қида –0,2-0,3%) және жылжымалы түрлердекездеседі.
Калий аналық тау жынысы құрамында (ортоклаз, далалық шпат және т.б.), органикалық (қи, көң -0,6)және жылмалы минералдық түрде болады.
Қазақстан топырақтарында фосфор аз, ал калий көп мөлшерде кездеседі.
Көптеген бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадан бос азоттты сіңіріп, оны өздеріне қажетті коректік заттарға айналдырады, біраз бөлігін топырақта қалдырады. Топырақтың коректік заттар режімін реттеу үшін оған ораникалық тыңайтқыштар (қи, көң, құстың саңғырығы, қорда) және жасыл тыңайтқыштар беру, танапта сабан қалдыру керек.
Минералдық тыңайтқыштарды (азот,фосфор, калий тұздары) пайдалану топырақтың коректік заттар режімін реттеудің басты жолдарының бірі.
Микротыңайтқыштар мен бактериалдық (азот бактерин, фосфоро бактерин) тыңайтқыштарды пайдаланудың өсімдіктер үшін үлкен мәні бар.
Топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік қабілетін артыру үшін оларға қолайлы жағдай туғызу (оптималды температура +25-30С, ылғалдылық -45-60%, бейтарап топырақ ортасы, оттегінің топыраққа тұрақты келуі және тағы басқа) керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Ылғал топырақ режімдері
2. Топырақтың ауа режімі
3. Топырақтың жылу режімі
4. Топырақтың коректік заттар режімі
Негізгі әдебиеттер:
Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005
Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
https://youtu.be/KUMDUwzEe4s
https://youtu.be/AACh0uLGqtM
Достарыңызбен бөлісу: |