Дәріс №11. Ет және ет өнімдерінің жалпы технологиясы. Ет өнімдері өндірісінің негізгі технологиялық сызбасы



бет20/33
Дата13.01.2022
өлшемі51,44 Kb.
#111531
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Тағам.өнім.жалпы технолгиясы 11,12,13,14,15
03, 03, QsLB6Cxpf7KvcoYzsgqLey4puNEmWOfAvFnpR490
Стерилденген сүт — 100°С жоғары температурада термиялық өңдеуге, гомогенизацияға ұшыраған сүт. Стерилденген сүттің пастерленген сүттен негізгі айырмашылығы – бөлме температурасында жоғары тұрақтылығы және өзіне тән дәмінің ерекшеліктері. Стерилгенген сүтті бөтелкелерде және пакеттерде (УВТ-сүт) өндіреді. Стерилизацияның екі түрін қолданады: бір кезеңді және екі кезеңді.

Біркезеңді әдіспен пакеттегі стерилденген сүтті өндіреді. Бұл әдістің ерекшелігі- 75 °С-қа дейін жылытылған сүттің ауасын алып тастайды, сүтті пароконтактты әдіспен (тікелей жылыту) немесе қосымша әдіспен (жылуалмастырғышта жылыту) стерилдейді. Бұл кезде сүт 1 секундта 140-150 °С –қа дейін жылытылады, суытылады және гомогенизирленеді. Керек болған жағдайда (тікелей жылыту кезінде) ылғалдың артық мөлшерін алып тастайды, содан кейін сүтті асептикалық жағдайда стерилді ыдысқа құяды. Біркезеңді стерилизация әдісі екікезеңдіге қарағанда сүттің органолептикалық көрсеткіштерін және биологиялық құндылығын жақсы сақтауға мүмкіндік береді.

Екікезеңді стерилизация кезінде қалыптандырылған қоспаны алдымен 140—150оС температурада 5 секунд бойы ағыста стерилизациялайды. Содан кейін сүтті 70—75 °С –та суытады және герметикалық тығыздалатын шыны бөтелкелерге құяды. Осыдан кейін бөтелкедегі сүтті периодталған немесе үзіліссіз жұмыс істейтін автоклавта 120 °С температурада 20минут бойы екінші рет стерилдейді. Пакеттегі стерилденген сүттің кепілдік мерзімі 20 оС температурада 10 тәуліктен 4 айға дейін.

Ионитті сүтті ионалмастырғыштарда сүтті өңдеу кезінде одан кальцийді алып тастау және оны калий мен нартий мөлшерінің эквивалентімен алмастыру арқылы өндіреді. Осындай сүт ұйыған кезде ұсақ мақта тәрізді косистенцияға айналады. Сондықтан баланың ағзасында тез, әрі жеңіл қорытылады. Ионитті сүтті витаминдермен байытады және сыйымдылығы 200 мл шыны ыдыста стерилдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет