Ішектерді дайындау. Жұқа ішектерді бөлу, асқасанға жақын жерден басталады.
Ішектер ортасын кескеннен кейін, сол тесік арқылы шикізатты өткізеді. Осы тесік арқылы таза суық сумен 2-3 рет жуып тазалайды. Содан кейін ішекті аударып тұз және өтпейтін пышақтың жағымен тегіс тақтайда шырышты қабықшасынан тазалайды. Калий марганцовкасы арқылы бозарған қызғылт түс болғанға дейін ішекті 2-3 рет қайта жуып тазалайды. Ішектерді қолданар алдында оны сығып, суын шығару үшін іліп қояды. Егерде ішектерді ұзақ сақтау керек болса, оларды 1м қылып кесіп тастайды. Содан кейін тұз сеуіп, буып - түйіп тастайды. Қабықшаларды шприцтеу алдында, оларды 30 мин жылы суда ұстайды. Табиғи қабықшалардан басқа, жасанды және синтетикалық қабықшаларды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |