Дәріс 12. Зәр шығару жүйесінің жас ерекшелігі


Бүйректің қызметінің жас ерекшеліктері



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі12,86 Mb.
#198422
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 12 ОЖеФ
серологический метод

Бүйректің қызметінің жас ерекшеліктері

Нәрестенің бүйрегінің салмағы – 11-12 г, 1 жаста 36-37 г, 5 жаста 55-56 г.

Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жылда, жыныстық жетілу кезінде және 20-30 жаста жоғары болады.

Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөлектеніп тұрады. 2 жасқа қарай тегістеле бастайды, 5 жаста түгел тегіс болады. Нәрестеде бүйректің қыртысты қабатының қалыңдығы – 2 мм, ал милы қабатының қалыңдығы 8 мм.

Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, 1 аптадан кейін көбейеді, 6 айда 2 есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды, бірақ мочевина аз болады. Себебі нәресте тек ана сүтімен тамақтанады.

Несептің мөлшері 1 жаста 700 мл, 4-5 жаста 1000 мл, 10 жаста ересектердікіндей (1300-1400 л).

Бүйректің қызметінің жас ерекшеліктері


Энурез. Емшектегі балалар несепті рефлекторлы еріксіз түрде шығарады. Ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. 2 жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі. Бірақ сәбилердің 5-10%-да 13-14 жасқа дейін түнде еріксіз несеп шығаруы байқалады, яғни энурез (грек. ен -шығамын+ур – несеп) байқалады. Ол ерте балалық шақта көп кездеседі, кейбіреулері ем қолданбайды, кейбіреулері жыныстық жетілу кезінде тоқталады.
Бұл сырқаттың себебі әртүрлі болуы мүмкін:
  • қуықтың қабыну аурулары;
  • бүйректің немесе нейрогендік психикалық кемшіліктерге байланысты болуы мүмкін.

  • Энурезі бар балаларды 4 топқа бөледі:
    1. Емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан.
    2. Ұзақ сырқаттылар, дұрыс тәрбиелеп, емдесе басылып кетеді.
    3. Үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар.
    4. Өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (тері ауруларының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады.
    Кейде жыныс мүшесінің гигиенасы дұрыс болмауына да байланысты пайда болады.
    Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін тұзы аз тамақ ұсынылады немесе керісінше ұйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда тұзды су беруге болады.

Несептің патологиялық компоненттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет