Дәріс №13 Басшылық жасау және көшбасшылық Дәріс жоспары



бет2/4
Дата29.04.2022
өлшемі56,16 Kb.
#141482
1   2   3   4
Байланысты:
13-Дәріс.Басқарушылық және көшбасшылық
тест өбс-811, КТ сессия Шахсанам, КТ сессия Шахсанам, GELENEK VE D N T RKMEN STAN IN D N HAYATINDA GELENE N ROL [#436985]-826881, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар 2, Акимшилик жауаптары (копия), кылмыстык бож 111, 4. Лекция тезистері Word
Автократ-басшы біріншi кезекте әкімшілік қызметін атқарады, негізгі мақсатын тәртіп пен бақылауды ұйымдастыру деп түсінеді. Оның ойы бойынша, адамдарды жұмыс icтeyгe мәжбүр ету керек, сондықтан ол бағыныштылар өз бетімен жұмыс істегеннен кейін, біреуінің қол астында болғанды қалайды деп сенеді. Бұндай басшы келіспеушілікке шыдамайды, басқалардың пікіріне құлақ салмайды, бағыныштыларының жұмысына жиі араласады, олардың жұмыстарын қатал бақылайды. Оның талабы қатты, тура, кейбіp автократтар қызметкерлерінің идеясы мен ұсыныстарын ықыласпен тыңдайды, бipaқ соңғы шешім қабылдағанда олардың пікірлерін пайдаланбайды. Бұндай басшы өзіне арнаған сынды көтермейді, бipaқ өзі басқаларды үздіксіз сынайды, әкімшілік жазаны бағыныштыларына ықпал жасаудағы ең тиімді жол деген ойда болады. Автократ-басшыға қарамағындағыларды сыйлау қасиеттер жетіспейді.
Басшы-демократ жоғарыда айтылғандардан айырмашылығы бар. Оның ойынша, ара қатынасқа, өз пікірін білдіруге, табысқа талпыну қажеттілік, сондықтан бағыныштыларымен жақсы ара қатынастарып жөңдеуге талпынады және олардың қабілеттері мен бастамаларын көрсетуге мүмкіндік жасайды. Бағыныштылар басқару жұмысына белсенді қатынасады, тапсырманы орындауда еркіндікті пайдаланады. Басшы-демократ басқалардың пікірлеріне құлақ салады, өзінің артықшылығын көрсетпейді, сынға ақылмен қарайды, жауапкершіліктен қашпайды.
Либеральды стиль сырттай демократиялы стильге ұқсайды. Либеральды бастық; сыпайы, зейінді, кадірлі, сынды тыңдауға дайын. Бipaқ ұсынылған дұрыс ойларды іске асыра алмайды. Либерал-басшы жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді. Қолайсыз шешім қабылдағанда жауапкершіліктен қашады. Олынтасыз, жоғарыдан жарлық күтеді, жалпы белсенділік көрсетпейді.
Жоғарыда келтірілген сипаттамаларға қарағанда, ең жақсы стиль демократиялық болып табылады, сондықтан coғaн талпыну керек.
Кітапхананың адамдық ресурстарын басқару стратегиясы.
Жалпы менеджмент саласынан қарастарсақ, Дуглас Макгрегор орындаушының қызметін талдап, басқарушы орындаушының қозғалысын анықтайтын параметрлерді бақылауға болатынын анықтайды:

  • бағынушы алатын тапсырмалар;

  • орындалған тапсырманың сапасы;

  • тапсырманы алу уақыты;

  • тапсырманы орындауды күтетін уақыт;

  • тапсырманы орындауға қажетті құралдар;

  • бағынушы жұмыс істейтін ұжым;

  • бағынушымен алынған нұсқаулар;

  • барынушылардың міндетті орындай алатындақтарына көзін жеткізу;

  • барынушының табысты жұмысы үшін сыйақы беруге көзін жеткізу;

  • істелінген жұмысы үшін сыйақы көлемі;

  • жұмыспен байланысты мәселелер шеңберіне бағынушыны тарту деңгейі.

Басқарудағы қорқыныш, сыйақы, салт, харизма, ақылды сенім, көз жеткізу және қатысу жетекшінің барынушыға ықпал етуі үшін қолданатын құралдары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет