Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет29/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Веналар ( латынша – vena, грекше – phlebs, осыдан флебит – вена қабынуы) ағзалардан жүрекке қан әкеледі. Олардың қабырғасы артериялардікіне ұқсас, үш қабаттан тұрады, бірақ едәуір жұқалау, серпімді және бұлшық ет тіндері аздау болады, сондықтан бас веналар босаса қабысып қалады, ал артериялардың қуысы көлденең кесіндісінде үңірейіп көрініп тұрады. Қан алдымен венулаларға, одан ағзалардың ішіндегі майда веналарға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп, жүрекке құяды.
Веналық қанның кері ағуына веналардың ерекше тетіктері – қақпақшалар кедергі жасайды, олар дәнекер тін қабаты бар эндотелий қатпарларынан тұрады. Олардың бос жиектері жүрекке қараған, сондықтан қанның жүрекке қарай ағуына кедергі келтірмейді, бірақ оның кері ағуына кедергі жасайды.
Артериялар мен веналар әдетте қатарласа жүреді, ұсақ және орташа артериямен екі
вена, ал ірі артериямен бір вена қатарласа жүреді.
Қан тамырларының қабырғасында олардың өзін қанмен қамтамасыз ететін өзіне меншікті жіңішке артериялар мен веналар- vasa vasorum болады. Олар сыртқы дәнекер тінді қабатта, тамырлық қынапта орналасқан.
Денедегі кейбір ағзаны негізгі қан тамырымен бірге қосалқы қан тамырлары да қоректендіреді, оларды коллатералдар деп атайды. Кейбір ағзалардағы қан тамырлары тармақталып, бір – бірімен немесе көрші ағзаның қан тамырымен
бірігеді.Қан тамырлардың бұлай бірігуі анастомоздар деп аталады. Анастомоздар артерия қан тамырлары арасында, вена қан тамырлары арасында, вена – артерия аралықтарында болады. Олар артерия – венозды, вена – венозды анастомоздар. Бұл жағдай саусақ ұшында, мұрында, құлақ қалқанында, жүректе, бас мида, бүйректе, көкбауырда өкпеде, т.б. ағзаларда кездеседі.
Анастомоздардың, коллатералдардың ерекше маңызы бар. Мысалы, кейбір жағдайда негізгі қан тамырынан қан жүрмей қалса, ағза анастомоздар, коллатерал қан тамырлары арқылы қанмен қоректенеді.
Капиллярға ауысқанға дейін көрші тамырлары мен анастамоздары жоқ артериялар соңғы артериялар деп аталады. Мысалы, көкбауыр артериясы. Бұл артериялар қан тығынымен оңай бітеліп қалады да (тромбоз), инфаркттің (ағзаның жергілікті өлі еттенуі) пайда болуына ықпал жасайды.
ДӘРІС № 25


ТАҚЫРЫБЫ: Жүрек құрылысы (камералар,қабықтар, клапандар) орналасқан жері және қызметтері.Үлкен және кіші қанайналым шеңбері.Қанайналым шеңберінің артерия және вена қантамырлары.Үлкен қанайналым артерия тамырлары


Жүрек, cor - ырғақты жиырылуы мен босаңсуы нәтижесінде қанды веналардан қабылдап алып, оны артерия жүйесі арқылы айдайды. Жүрек кеуде қуысының сол жағында алдыңғы көкірек аралықта орналасқан қуыс бұлшықетті ағза. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Оның ұшы төмен, солға және алға қараған, ол ортаңғы сызықтан солға қарай 8-9см қашықтықта V-ші қабырғааралыққа жетеді, жүрек ұшы тұтас сол қарыншадан тұрады. Жүректің негізі жоғары, артқа және оңға қараған. Ол жүрекшеден, алдынан қолқа мен өкпе сабауынан түзілген. Жүректің 3 беті бар : 1) алдыңғы немесе төсқабырғалық беті алға, жоғары және сол жаққа қараған,ол төс денесі мен IIІ-VI-шы қабырға шеміршектерінің артында орналасады, 2) төменгі немесе көкеттік беті көкеттің сіңірлі орталығына жанасып жатады, 3) бүйірдегі-аралық беті өкпеге қараған.
Жүректің көлемі сол адамның жұдырығына тең, ұзындығы - 12-13см, ең үлкен диаметрі - 9-10,5см, алдыңғы - артқы шамасы - 6-7см. Ер адам жүрегінің салмағы-350г, әйелдікі-250г. Жүрек қуысы 4 - камераға бөлінеді : 2 - жүрекше, 2 - қарынша. Жүрек камералары қабырғасының жиырылуы систола деп,ал босаңсуы диастола деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет