Томпақ дене
Томпақ дене, corpus pineale, таламуспен байланысқан, ортаңғы ми төбесі табақшасының жоғарғы төбешіктеріүстінде орналасқан.Ол кішкене, сопақ пішінді, қызғылт түсті дене, ұзындығы -7-10 мм, ені-5-7 мм. Тәж түрінде топтасқан жасушаларының секреттік қасиеті бар. Томпақ дене ерте балалық шақта ірілеу (әйелдерде ерлерге қарағанда ірілеу).
Қызметі: Толық анықталмаға. Жас жануарлардың безін экстирпациялағанда қаңқа тез өседі, Жыныс бездері мен ІІ-ші жыныс белгілері ерте және шамадан тыс өсіп дамиды. Сондықтан, без бұл қызметтерді тежейді деп ойлауға болады.
Адреналды жүйе тобы
Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis s .adrenalis – жұп ағза, бүйректің жоғарғы шетінле жатады. Оның массасы 4 г, вертикалды d- 30-60 мм, көлденең диаметр і- 30мм, алдыңғы-артқы диаметрі-4-6 мм, түсі сарғылт немесе қоңырлау. Бездердің алдыңғы бетінде бір немесе бірнеше сай болады. Олар қақпа деп аталады, қақпа арқылы безден вена шығып, артерия кіреді.
Құрылысы. Бүйрек үсті безі сыртынан қапшықпен жабылған, одан без ішіне қарай қалқалар шығады. Без сарғыш түсті қыртыс және қоныр түсті милы қабаттан тұрады. Қыртыс зат түрлі гормондар өндіретін үш аймақтан тұрады. Милы зат адреналин мен норадреналин өндіретін жасушалардан тұрады. Олар хром тұздарымен сары қоңыр (хромаффинді) түске боялады және онда көптеген миелинсіз нерв талшықтары мен ганглилік (симпатикалық) нерв жасушаларыболады.
Қызметі: Бездің қыртыс және милы затының қызметі әртүрлі. Милы зат қанға симпатикалық жүйенің тонусын сақтап, тамырды тарылту қасиеттері бар адреналин және норадреналин бөледі. Қыртыс зат липидтер (әсіресе лецитин мен холестерин) өндірілетін негізгі жерге жатады. Қыртыс зат су-тұз, белок және көмірсу алмасуына әсер ететін гормондар (стероидтар) және еркек (андрогендер) пен әйел (экстроген) жыныс гормондарына жақын ерекше гормондар бөліп шығарады деген дерек бар.
Мезодермалық бездер
Жыныс бездерінің эндокриндік бөліктері.
1.Атабезде шәует өзекшелері арасындағы дәнекер тінде аралық жасушалар жатады. Олар аралық без деп аталады және ішкі секрециялық қасиеті бар деп есептеледі (гормондары- андрогендер; тестостерон). Еркектік екінші жыныстық белгілер тек жыныс гормондарының әсерімен ғана дамиды және атабездерді алып бастаса (кастрация), кері қарай дамиды. Бірінші жыныстық белгілер де (атабез қосалқысының, бульбоуретралды бездер мен жыныс мүшесінің өсуі)еркекжынысгормондарыныңбақылауындаболады.
2.Анабезде гормонның бөлінуі түйіншелердің ішкі секрециясымен байланысты. Фолликулин гормоны жыныс аппаратына трофикалық әсер ету, етеккірді реттеу, екінші жыныс белгілері мен нерв жүйесіне әсер ету қызметін атқарады. Сонымен қатар анабезде оқтын-оқтын басқа бір эндокриндікағза -сары дене пайда болады. Сары дененің 2 түрі бар: 1) Жүктіліктің сары денесі;
2) Етеккірдің (циклдық) сары денесі. Олардың екеуінің шығу тегі бірдей, жарылған фолликуладан аналық жасуша бөлініп, дамиды. Бірақ I- ші сары дене адамда 9 ай тіршілік етіп, ірі көлемге жетеді, ал ІІ-шісі (дүркіндік) 1 ай ғана өмір сүреді. Сары дене инволюциясы кезінде жасушалық элементтер біртіндеп азайып, дәнекер тінмен алмасады, соның сары дене анабез негізімен қосылып, із-түссіз жоғалады. Сары дене инкреттік сипаты бар аса маңызды қызметтер атқарады: 1) сары дене ұрықтың жатырда бір орында бекітілуіне әсер етеді, өйткені жүктіліктің ең ерте кезеңінде сары дене бұзылса немесе анабезді алып тастаса, жүктілік тоқтайды.
2) овуляцияны кешіктіреді; 3) жүктілік кезеңінде сүт бездерінің дамуына әсер етеді. Бұл қызметтерді әйел жыныс гормондарына жататын эктрогендер және сары дене гормоны прогестерон атқарады. Эстрогеннің негізгі қызметі- овуляциядан кейін түйіншеден шыққан аналық жыныс жасушаларын ұрықтандыруға әйел организмінің жыныс аппаратын дайындау. Прогестеронның рөлі- ұрықтанған аналық жыныс жасушасының имплантациялануы және қалыпты дамуы қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |