I. Бірінші сигнал жүйесі анализаторлары (нақты - көрнекті ойлау):
1. Сыртқы сигнал анализаторлары - экстероцепторлар.
2. Организмнің ішкі дүниесі анализаторлары : а) интероцепторлар ( ішкі
мүшелер мен тамырлар), б) прорприоцепторлар (бұлшықет - буын сезімі).
II. Екінші сигнал жүйесі анализаторлары (абстрактылы - логикалық ойлау):
1. Ауызша сөз анализаторы.
2. Жазбаша сөз анализаторы.
I – ші және II – ші сигнал жүйесі анализаторларының айырмашылығы бар: I - ші сигнал жүйесі анализаторлары 3 құрам бөліктен тұрады (рецептор, кондуктор, қыртыстық шеті). Ал II – ші сигнал жүйесі анализаторының тек қана қыртыстық шеті болады. Олар өз сигналдарын I - ші сигналдар негізінде қабылдайды және оларсыз қызмет атқара алмайды.
Көру ағзасы, organum visus, оның басты бөлігі эктодермадан пайда болатын арнаулы сезімтал жасушалар. Олардың көбі пигментпен қоршалған, пигмент жарықты белгілі бір бағытта өткізіп, артық жарық сәулелерін ұстап қалады.
Көз, oculus (грекше ophtalmos, осыдан - офтальмология ), көз алмасынан және оны қоршап жатқан қосалқы ағзалардан тұрады.
Көз алмасы, bulbus oculi, көз ұясында орналасқан шар тәрізді дене. Көз алмасында алдыңғы полюсті ( мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес ) және артқы полюсті (көру нерві шығатын жерден латералды ) бөледі. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық сызық немесе сыртқы көз білігі деп аталады. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабықтың арасындағы бөлігі ішкі көз білігі деп аталады. Ол сүйір бұрыш жасай, сыртқы көз білігімен айқасады. Көз алмасы шеңбері бойымен екі полюсті қосатын сызықтар – меридиандар, ал оптикалық білікке перпендикуляр жазықтық көз экваторын түзеді, ол көз алмасын алдыңғы және артқы жартыларға бөледі. Экватордың горизонтальді диаметрі сыртқы көз білігінен қысқалау – 23,6 мм –ге тең, ал сыртқы көз білігінің диаметрі - 24мм, экватордың вертикальді диаметрі -23,3 мм. Қалыпты көзде ішкі көз білігі - 21,3 мм, ол жақыннан көретіндердің көзінде ұзындау, сондықтан түйісетін сәулелердің фокусы торлы қабықтың алдында, ал алыстан көретіндердің көзінде қысқалау болады, сондықтан торлы қабықтың артында жатады. Бұл ауытқуларды жою үшін көзілдірік арқылы тиісті үйлестіру керек.
Көз алмасы оның ішкі ядросын қоршап жатқан 3 қабықтан тұрады:
1) сыртқы – талшықты; 2) ортаңғы - тамырлы; 3) ішкі – торлы қабық.
Достарыңызбен бөлісу: |