Көздің қосымша ағзаларына көз алмасының бұлшық еттері, қабақтар, көз жас аппараты, көз ұясының шелмайы мен көз алмасының қынабы жатады.
Көз алмасының бұлшық еттері. Көздің қозғалыс аппараты 6 ерікті (көлденең –жолақты) бұлшықеттен тұрады: жоғарғы, төменгі, медиалды, латералды тік бұлшық еттерден және : жоғарғы, төменгі қиғаш бұлшық еттерден.
Көз ұясының шелмайы мен көз алмасының қынабы. Көз алмасыныңшелма -йы көз алмасының артқы жағында көзұясында жатқан мүшелер арасындағы барлық кеңістікті толтырып тұрады. Көз алмасы бұлшық еттерінің сіңірлері ақ қабықтағы өздері бекитін жерлерге бағытталып, көз алмасы қынабы арқылы өтеді.
Қабақтар, palpebrae (грекше blepharon, осыдан қабынуы – блефарит) – көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ төменгі қабақтан үлкендеу, оның үстіңгі шекарасы қас – маңдаймен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы. Қабақтардың бос жиегі арасында көз саңылауы жатады. Көз саңылауының латералды бұрышы сүйір, ал медиалды бұрышы дөңгеленген және ол көзжас көлін түзеді. Оның ішінде май тіні мен нәзік түкшелерімен қоса ұсақ бездері бар көзжас бұлшықеті көрінеді.Екі қабақтың бос жиегі алдыңғы және артқы қырлармен шектелген. Алдыңғы қырдың артқыжағынан қабақ жиегінен бірнеше қатар қысқа қатты түктер – кірпіктер,cilia өсіп шығады, олар көздің ішіне бөгде зат түсіп кетуінен қорғайды.
Әр қабақтың негізі тығыз дәнекер тінді табақшадан тұрады немесе шеміршек деп аталады. Шеміршектер қабатында ұяшықтары бар бойлық түтікті жолдардан тұра –тын май бездері бар, олар қабақ жиектерін майлайды. Жоғарғы шеміршектерде – 30 – 40, төменгіде 20 – 30 май бездері бар.
Көздің дәнекер қабықшасы, tunica conjunctiva қабақтардың бүкіл артқы бетін қоршап, көзұясы жиегі қасында көз алмасына қарай созылып, оның алдыңғы бетін жабады да, алдыңғы жағында көз саңылауы аймағында ашық қапшық түзеді. Конъюнктиваның қабақтардың көз алмасына ауысатын жерлері жоғарғы және төменгі күмбез деп аталады. Жоғарғы күмбез төменгіден тереңдеу. Күмбез – көз бен қабақтың қозғалысы үшін қажетті конъюнктиваның қосалқы қатпарлары.
Достарыңызбен бөлісу: |