Кез келген хроматографиялық жүйеде бірі – қозғалмайтын (қатты және сұйық), екіншісі – қозғалатын (сұйық және газ), ығыспайтын екі фаза арасында заттардың қайтымды алмасуы жүреді.
Қозғалысты фаза козғалмайтын фазаның беткі қабатымен жанасқанда, қоспадағы құрамдас бөліктер осы екі фазалар арасында тұрақтысы немесе таралу коэффициенті бойынша олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес таралады. Динамикалық жүйеде динамикалық тепе-теңдік орнайды. Яғни молекулалардың біраз уақыты қозғалмайтын фазада, біраз уақыты қозғалысты фазада өтеді де, бәрі бірге қозғалмайтын фазаның бойымен орын ауыстырады.
Заттың әр түрлі сорбциялануы нәтижесінде, олар фазада әр мезгілде болады. Қозғалыссыз фазамен күштірек әрекеттесетін құрамдас бөліктер, оның өн бойымен баяу жылжиды, нәтижесінде құрамдас бөліктердің бөлінуі басталады.
Сұйық адсорбция хроматография әдісінде жылжымалы фазаға мына талаптар қойылады:
Еріген заттарға химиялык инерттілік.
Төмен тұткырлық.
3) Ұшқыш еместік.
4) Анықталатын заттарды жақсы ерітуі.
Хроматографиялык колонкаға толтырылатын адсорбентте мына касиеттерге ие болуы керек:
Селективтілік.
Механикалык тұрақтылық.
3) Химиялық инерттілік.
4) Ұшкыш еместік.
Егер қозғалмайтын фаза сұйық күйде болып, ал талданатын зат онда еруге бейім болса, онда ол қозғалатын және қозғалмайтын фазалар арасында таралады. Мұндай әдіс