Дәріс №18 тақырыбы


Бүйректік артериялық гипертензия синдромы



бет12/14
Дата03.06.2020
өлшемі20,3 Kb.
#72229
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ДӘРІС 1

Бүйректік артериялық гипертензия синдромы
Бүйректің көптеген аурулары: Жедел және созылмалы гломерлонефрит, пиелонефрит, нефросклероз, бүйрек қан тамырларының әр түрлі себептерінен зақымдануы артериялды қан қысымының жоғарылауы – гипертензиямен қоса жүреді. Бүйрек шумағының тамырлары полюсында ерекше клеткалардың жиынтығы болып табылатын бүйректің юкстагломерулярлық аппаратында бүйрек паренхимасының ишемиясы кезінде ренинің бөлінуі көбейе түседі. Ренин гипертензиногенге әсер ете отырып, оны ангиотензиногенге айналдырады, ал ол ферменттің әсерінен ангиотензинге (гипертензинге ) айналдырады. Ал ол қандағы альдостеронның концентрациясын көбейтеді, сөйтіп артериоланың жиырылуын және артериялдық қан қысымының жоғарылауын туғызады. Гипертензия кезінде мынадай жағымсыз сезімдер пайда болады. Бастың ауруы және айналуы, құлақтағы шуыл. Артериялық қан қысымы кенеттен көтерілгенде бас ауруы күшейіп, жиі – жиі құсады; науқастың жұмыс істеу қабілеті нашарлап, ұйқысы бұзылады. Қан қысымын өлшегенде систолалық және диастолалық қысымдардың жоғарылағаны анықталады, әсіресе диастолалық қысым біршама жоғары болады. Қолқаның үстінде ІІ дыбыс күшейеді. Гипертензияға байланыста жүрекке тұрақты түрде артық күш түсуі әсерінен сол жақ қарыншаның бұлшық еті гипертрофияланады. Осы себептен жүрек ұшының соққысы күшейеді. Жүректің І-ші дыбысы жүрек ұшында бәсеңдейді, рентгенологиялық зерттеуде жүрек ұшының дөңгеленгені, ал электрокардиограммада жүректің электрлік осінің солға қарай ығысуы; ST сегментінің изолиниядан төмен түсуі, Т І, ІІ сермесінің пайда болуы байқалады. Кеуделік тіркемелерде R сермелері биік ( RV 6 – V5 – V4) екендігі анықталады.

Бүйрек гипертензиясына тән, көз түбінің өзгерістері, бүйректің нейроретиниті түрінде байқалады. Көру дискісінің нерв жүйесі ісінеді. Көздің көруі нашарлайды. Бүйрек ауруын анықтауда науқастың көзінің түбін зерттеу дәрігерге көптеген қосымша мәліметтерді береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет