Дәріс №18 тақырыбы


Қалдық азот және оның құрамы



бет11/14
Дата03.06.2020
өлшемі20,3 Kb.
#72229
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ДӘРІС 1

Қалдық азот және оның құрамы.Қалдық азот деп қандағы белок емес қосындылардың азотын айтады.Қалыпты жағдайда қалдық азоттың мөлшері 14.28-28.56 ммоль/л-ге тең.

Креатинин.Қалыпты мөлшері 0.088-0.176 ммоль – ге тең.

Мочевина.Қалыпты мөлшері 3.23-6.46 ммоль.

НЕГІЗГІ КЛИНИКАЛЫҚ СИНДРОМДАР

Ісіну синдромы – бүйректік ісінулердің өзіне тән белгілері болады. Олар көбінесе – қабақтың асты мен үстінде, бет аимағында пайда болады. Бүйректік ісінулер тез басталып, ұлғайып, тез жоғалады. Тері асты шелдерімен қатар ішкі мүшелер де ісінеді. Кейін сұйықтық өкпе, жүрек қаптары, құрсақ қуыстарында жиналады. Ісікті пальпация әдісімен анықтайды. Айқын ісіну синдромының динамикасын бақылау үшін оқтын – оқтын қайталап жүргізілетін мынадай шаралар керек: науқастың дене салмағын, аяқ – қол және құрсақ қуысының шеңберін өлшеу, ішкі ағзалардағы судың балансын ( тәулік бойына ішкен және бөлінген сұйықтың көлемдік қатынасы) анықтау бұл зерттеу емдеу кезінде көп жәрдемін тигізеді.

Бүйрек ауруларындағы ісіктердің пайда болу себептері әр түрлі болады.

1) Канилярлар қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарлауы



2) Коллойдты – осмотикалық ( гипопротеинемиялық) ісіктер бүйректердің нефротикалық синдромы мен амилоидозы кезінде байқалады. Бұл жағдай протеинурияның күшеюіне байланысты туатын қан плазмасының онкотикалық қысымның төмендеуімен және өткізгіштігі күшейген капиллярлар қабырғалары арқылы белоктың тінге өтуіне байланысты болады. Әдетте гипопротейнемиялық ісінулер қан құрамындағы белоктың мөлшері 3,5 - 4,0 % -ке тең болғанда, ал альбуминдер 1 – 1,5 % азайғанда пайда болады.

Гипопротеинемиялық ісінулер тек нефротикалық синдроммен бүйрек амилоидоздарында ғана емес, олар ұзақ ашығудан (ашық ісінулер) ащы ішек қызметінің бұзылуынан, қатерлі ісік кезінде және тағы басқа плазма белогының құрамын төмендететін ауруларда пайда болады.
3) Натриемиялық ісіктер - қанда және тіндерде натрий иондарының жиналуына байланысты өрбиді. Натрий иондарының организмге артық мөлшерінің жиналуы ісінулер туғызады (осмотикалық тепе-теңдік бұзылады). Гипернатриемия механизімінде гормондық факторларға, әсіресе қанға бүйрек үсті безінің гормоны альдостеронның және гипофиздің арқы бөлігінің – антидиуретикалық гормонның артық мөлшерде бөлінуіне үлкен маңыз беріледі. Альдостерон натрий иондарының реабсорбциясын (қайта сіңірілуін) күшейтіп, оның қандағы концентрациясын және тіндерде жиналуын көбейтеді.
4) Бүйректердің созылмалы ауруларының ең соңғы сатысында ісінулер пайда болады. Натрий мен судың жиналуы созылмалы гломерулонефритте бүйрек шумақтарының зақымдануынан және оның сүзгісінің азаюынан, сонымен қатар бүйректік қан айналымының гиповолемиялық төмендеуі кезінде де (қатты қансырау, шок) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет