Нефротикалық синдромның себептеріне созылмалы гломерулонефрит, безгек, сепсис, туберкулез, қант диабеті, амилойдоз, дәнекер тінінің жайылмалы аурулары және т.б ауру түрлері жатады.
Нефротикалық синдром зат алмасу үдерістерінің бұзылуынан – оның ішінде негізінен май және белок алмасудағы өзгерістерге байланысты дамиды. Осындай өзгерістердің әсерінен шумақ капилярлары қабырғаларының трофикасы мен өткізгіштігі бұзылады. Бірінші зәрде пайда болған белок бөлшектері мен липоидтар бүйрек өзекшелерінің қабырғаларына сіңеді және эпителиалдық клеткаларда дистрофиялық өзгерістер тудырады.
Клиникалық көрінісі. Нефротикалық синдромға тән негізгі әрә жалғыз шағым тұрақты түрдегі пайда болатын ісік. Ісік көбіне науқастың бел аймағында болады. Науқастың түсі бозғылт, қабақтары ісінген, көз саңлаулары тарылған, таңертеңгілікте олар қиындықпен ашады. Сонымен қатар ісік аяққа, бел аймағына, ішке, қолдарға жайылады. Ісік жұмсақ болады, саусақпен басқанда теріде тез жоғалатын шұңқыр қалады.Ісіну сұйықтығы ішкі ағзаларға, сірлі қабықты қуыстарға жиналады.
Нефротикалық синдромда артериялық қан қысымы өзгермейді, сол жақ қарыншада гипертрофия белгілері болмайды. Бұл нефротикалық синдромның созылмалы гломерулонефриттен айырмашылығы болады. Ісіктің көбейген кезеңінде зәр мөлшері азаяды, тәулігіне небәрі 250-400 мл. зәр бөлінеді. Оның салыстырмалы тығыздығы жоғары болады ( 1,030 – 1,040), құрамында белок 10 – 20 % -ке дейін көбейеді және көбіне альбуминдер болады (альбуминурия). Зәр тұнбасында – гиалинді, түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер, бүйрек эпителиінің клеткалары, холестерин кристалдары табылады. Ұзақ және тұрақты түрдегі протеинурия организімнің белоктық мұқтаждығына және қан сарысуында белоктың, әсіресе альбуминнің төмендеуіне ( 4-5%-дейін) әкеліп соғады. Нефротикалық синдромда ісінудің дамуы гипопротеинемиямен, әсіресе гипоальбуминемиямен түсіндіріледі. Гипоальбуминемияда қан сарысуының онкотикалық қысымы төмендейді, су тіндерге жиналады, айналымдағы қан көлемі азаяды. Бұған жауап ретінде бүйрек үсті бездерімен альдостеронның,ал гипофизбен антидиуретикалық гормонның түзілуі көбейеді, зәр онон сайын азая түседі. Организімде хлорлы натрий жиналады, ісік күшейе түсіп үлкейе түседі.
Келесі тұрақты белгінің бірі – липидемия. Қанның сарысуында холестериннің ( 500 мг% - 1360ммоль/л- ге дейін), фофолипидтердің, бейтарап майдың концентрациялары көбейеді. Бұл өзгерістер белок алмасуының бұзылуымен және гипопротейнемиямен байланысты болуы мүмкін,
Сонымен лабораториялық зерттеу арқылы нефротикалық синдромға тән үш белгіні анықтауға болады: протеиурия, гипопротеинемия және гиперхолестеринемия. Бүйректердің қан тазалау қызыметі нефротикалық синдромда бұзылмайды. Азотемия байқалмайды. Бүйректердің негізгі функционалдық сынамалары ұзақ уақыт қалыпты жағдайда қалады. Бүйректердің созылмалы ауруларына нефротикалық синдромның табиғатын анықтауда бүйректер биопсиясы аса құнды мәлімет береді.
Емдеуі. 1, Белокқа бай тағамдар ( 1 кг дене салмағына 2-2,5 кг белок) беоіледі, ас тұзы шектеледі. 2. Кортикостеройдты препараттар ( преднизолон) және иммунодепрессанттар ( имуран) негізгі ем ретінде қолданылады. 3.Қатты ісінулер кезінде зәр шығарғыш препараттар беріледі ( гипотиазид, фуросемид).