Дәріс №3 Тақырыбы: Процесстер. Ож ядросы



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі284,77 Kb.
#90720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 3

Процесстің жұмыс жағдайы. Процестің басқару жүйесінің орындалуы келесі қатармен жүргізіледі:
Процесстің құрылуы. Процесстің құрылуына РСВ басқару процессі, алғашқы ресурстық процестің шығуы және т.б
Процесстің жойылуы. Процестің жойылу барысында шығарылған ресурстар жүйеге енгізіліп, кез-келген тізім және кестелер өшіріліп қалады, ал басқару блогындағы процесс кеңейеді.
Процесстің тоқтатылуы. Тоқтату процесі жұмысы қандайда бір процесстің көмегімен іске асырылады.
Іске қосу процессінің өзгеруі. РСВ процестік модификациялық жағдайлардағы операцияны білдіреді. Бұдан басқа да блоктау, жіберу, іске қосу процестері қолданылады.
Процесстерді басқару. Жоспарлау және диспетчеризациялау.
ОЖ қызметі келесі негізгі функцияларды орындаудан тұрады. 
Процесстерді басқару. Процесс (немесе басқаша, есеп) – бұл орындалатын бағдарламаны сипаттайтын абстракция. Операциялық жүйе үшін процесс жұмыс бірлігін білдіреді, жүйелік ресурстарды қолдануға мәлімдеме береді. Процесстерді басқару ішкіжүйесі процесстердің орындалуын жоспарлайды, яғни жүйедегі бірмезгілде бар бірнеше процесстер арасында уақытты бөледі, сондай-ақ процесстерді құру жне жоюмен айналысады, процесстерді қажет жүйелік ресурстармен қамтамасыз етеді, процесстер арасындағы байланысты қолдайды. 
Ресурстарды тарату және тағайындау. Операциялық жүйе компьютер ресурстарын орындалу кезегінде тұрған қосымшалар арасында таратады. Мысалы, операциялық жүйе есептеріне әрбір жіберілген қосымшаларға және оған қажет деректерге жадтың бөлек аймағын белгілеу, сондай-ақ енгізу-шығару құрылғыларын басқару(пернетақта, принтер, монитор, желілік карта және т.б.) жатады. 
Жоспарлау. Компьютер бірнеше бағдарламаларды бірмезгілде орындайды. Әр есеп көптеген "тілімдерге" немесе "бөліктерге" бөлінеді, компьютер есептер арасында көшіп отырып, оларды өңдейді. Мыңдаған осындай бөліктер компьютердің әртүрлі құрылғыларымен орындалуы тиіс – бір бағдарламаға электрондық кестені есептеу қажет, екіншісі –құжатты принтерге басуды, үшіншісі деректер қоймасы орналасқан ұйым серверіне қатынасады және т.б. ОЖ міндеті –компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын барлық қосымшалар тез және тиімді орындалатындай етіп үйлестіру. Ол үшін операциялық жүйеге компьютердің әртүрлі ресурстарын (алдымен, ОП, ОЗУ және қатты диск) қолдануды жоспарлау қажет. Әр есепке орындалу басымдылығы меншіктеледі, соған сәйкес жоспарлау жасалады. Біздің мысалда баспаға басу тапсырмасынан кестені есептеу жоғары басымдылықта болуы мүмкін. 
Бақылау. ОЖ компьютер жұмысын бақылайды. Ол әр есептің орындалу стадиясын қадағалайды, сонымен бірге тіркеу журналын жүргізеді – кім компьютерді қолданып отыр, қандай бағдарламалар жіберілді, деректерді немесе бағдардамаларды санкцияланбаған қолдану жағдайлары болды ма. Кезкелген жағдайда кезкелген компьютердің ОЖ – және мэйнфрейм мен ДК- өз бетінше үлкен бағдарлама. Сондықтан оперативті жадта әрқашан ОЖ-нің тек ядро (kernel) деп аталатын бөлігі ғана сақталады. ОЖ-нің үлкен бөлігі қатты дискіде сақталады. Операциялық жүйе сақталатын диск жүйелік (system disk) деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет