Симбиоз, экзотрофты және эндотрофты микориза. Гетеро- трофты ағзалардың бір-бірімен ара-қатынасында паразиттік үрдіс пен қатар симбиоз немесе екі ағзаның бір-біріне зиян келтірмей, септесе тіршілік етуі. Нағыз симбиоздың мысалы ретінде балдыр- лар мен саңырауқұлақтардың септесуі нәтижесінде болатын қыналардың тіршілігін келтіруге болады. Микоризаға келсек - бұл саңырауқұлақтың өсімдік тамырларымен септесуі. Қоректену үшін біріншісі өсімдіктен дайын органикалық заттар алады, саңырау- құлақ жіп-шумағы тамырларға еніп, топырақтан су мен қоса минералдық заттарды сорып, олармен ие-өсімдікті қамтамасыз етеді. Демек, өсімдіктердің микотрофты қоректенуі осындай септесудің айқын мысалы. Саңырауқұлақ жіп-шумағы өсімдік тамырларын сыртынан ғана торлап, жабынды түзіп, тамыр тал- шықтарының қызметін атқарса, бұл экзотрофты микориза. Олар тамырлардың ішкі ұлпаларына, паренхима жасушаларына дейін енетін болса, эндотрофты микориза болады (3-сурет).
3-сурет. Өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың себелесіп өсуі
(1-өсімдік жасушасы; 2-түтікше жасушасы;
3-өсімдік жасушасы, 4-саңырауқұлақ жіпшесі).