Паразиттік қатынастың даму жолдары. Ғалымдардың болжауынша фитопатогенді ағзалардың көпшілігі басында сапро- трофты қоректеніп, біртіндеп паразиттік жағдайға көшкен болуы мүмкін. Біріншілерінде тірі ұлпаларды өлтіретін арнайы экстрацел- люларлы ферменттер болған. Сол арқылы сапрофиттер ие-өсім- діктің ұлпаларын өлтіріп, одан кейін ондағы дайын органикалық заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақтар мен бактериялар милли- ондаған споралар немесе жасушалар түзеді, олар өсімдіктің тірі ұлпаларымен жанасады. Ұзаққа созылған эволюция нәтижесінде микроағзаларда физиологиялық өзгерістер болуы ықтимал. Біртін- деп паразиттік қабілеттілігі әр түрлі жаңа формалар туындап, олар табиғи сұрыптау нәтижесінде басымдық алған. Фитопатогендердің паразиттік қасиетінің әр алуандығы, олардың өсімдік ұлпасына тигізетін әсерінен айқын байқалады. Мұндай айырмашылық гете- ретрофты ағзалардың биохимиялық ерекшеліктерінен де белгілі. Жартылай паразиттерге келсек, олардың ферменттері әсерінен ие- өсімдіктің өлген ұлпасы ұлғая, патогеннің қорегіне қажет орга- никалық заттардың көбейе беруіне септігін тигізеді. Облигатты паразиттердің экстрацелюлларлы ферменттері жеткіліксіз. Сол себептен олар ие-өсімдік ұлпаларын өлтірмей, көп уақытқа, кейде тіршілігінің соңына дейін, тірі сақтайды, бұл екеуіне де тиімді.