Агрессивтілік - ие-өсімдіктің қарсылығына қарамастан пара- зитті ағза жабынды ұлпа арқылы оның жасушасына еніп, қорек- теніп, өсіп-өніп, көбею қабілеттігі. Бұл қасиет патогеннің өсімдік ұлпасына ену және таралу жылдамдығын сипаттайды. Ол ауру қоздырғышының түрі мен нәсіліне, биотиптік құрамына және сыртқы ортаның жағдайына байланысты құбылмалы келеді. Пато- геннің паразиттік деңгейі неғұрлым жоғары болса, агрессивтілігі де соншалық жоғары келеді. Мәселен, тат саңырауқұлақтарының оқшауланған жалғыз спорасының өзі ауру туындата алады, демек олардың агрессивтілігі жоғары. Енді паразиттік қасиеті жоғары келетін қаракүйе саңырауқұлақтарына келсек, өсімдікке ауруды жұқтыру үшін бір тұқымға жүздеген немесе мыңдаған споралардың болуы қажет. Олардың көпшілігі жаңадан өніп келе жатқан өскінмен тікелей жанаса алмай, айдалада қалады. Факультативті паразиттер үшін ие-өсімдіктің қарсыласуын жеңіп, өсімдік ұлпа- ларын өлтіру үшін бір ғана спорадан бөлінетін токсин мөлшері жеткіліксіз. Олар көптеген споралардың бірлесуімен ғана жеңіске жетеді, сондықтан бұлардың агрессивтілігі төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |