Дәріс №7-8 Тақырыбы: Өсімдіктердің инфекциялы немесе жұқпалы аурулары Мақсаты


Фитопатогендердің сыртқы ортаға, жаңа сорттарға және фунгицидтерге бейімделуі



бет16/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,68 Kb.
#85180
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс.№7-8

Фитопатогендердің сыртқы ортаға, жаңа сорттарға және фунгицидтерге бейімделуі. Ие-өсімдік пен патогенді ағзаның бір- бірімен ара қатынасы белгілі қоршаған орта жағдайында өтеді. Аурудың өсімдікке жұғып, дамуы үшін оны қоздыратын ағзаның мамандануы мен вируленттілігі, ие-өсімдіктің ауруға бейімділігі немесе инфекцияға қарсы тұра алуымен қатар, көпжылдық эволю- ция нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделуіне тығыз байланысты. Барлық фитопатогендер ие-өсімдікпен тығыз ара-қатынаста бола- ды, олардан дайын қоректік заттар алады. Олар өздерінің тіршілік кезеңінің біраз бөлігін өсімдік жасушалары ішінде немесе жабынды ұлпалар үстінде өткізеді. Біріншіден көбеюі, екіншіден өз ұрпағын ары қарай жалғастыруы үшін міндетті түрде тыныштықта сақта- латын споралар немесе конидиялар түзеді.
Фитопатоген мен ие-өсімдік бір-бірімен жанасқан жағдайда инфекция жұғып, аурудың дамуы үшін қоршаған ортаның көптеген факторлары, атап айтқанда ауа ылғалдылығы мен температурасы, ауруға бейім сорт және т.б. тікелей әсер етеді. Олардың алғашқы ара қатынасы ауру қоздырғышының споралары өнуі нәтижесінде пайда болатын шоғырланған өскін түтікшелердің сірқабық (кути- кула) арқылы өсімдіктің жабынды ұлпаларына немесе жасуша- ларына енуден басталады. Көптеген саңырауқұлақ спораларының өнуі тек тамшы ылғал және қолайлы температура болғанда ғана (15-250С аралығында) байқалады. Тат саңырауқұлақтарының споралары ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% болса, ал тек бірен-саран патогендердікі 75-100% ылғалдылықта өнеді.
Қоршаған ортаның екінші шешуші факторы температура. Фитопатогендердің көпшілігінің өніп-өсуі үшін 15-250С аралығын- дағы температура қолайлы, бұлар мезофилді ағзаларға жатады. Оның көрсеткіші 150С төмен болса, мұндай патогендер криофилді, ал 30-350С жоғары болса - термофилдер деп аталады. Көпшілік патогендер қышқылырақ (PН=5-6) ортада жақсы өседі. Жарыққа келсек, ол споралардың өнуіне айтарлықтай әсер етпейді. Қысқа көгілдір сәулелер арқылы кейбір спора түзбейтін фитопатоген- дердің белсенділігін арттыруға болады.
Облигатты паразиттер үшін міндетті түрде тірі ұлпа қажет, топырақтың ылғалдылығы мен қоректік заттар жеткілікті болып, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына ұшырамай, жақсы өсіп жатқаны қолайлы. Жартылай паразиттерге немесе некро-трофты ағзаларға келсек, оларға керісінше абиотикалық қысым салдарынан әлсіреген, механикалық жарақаттанған өсімдіктер болғаны тиімді. Олардың өсімдік ұлпаларына енуіне кейде бунақ- денелілер үлкен септік тигізеді. Саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардың ішінде алма жемісінің монилиозды немесе сұр шірігіне шалдығуы мен жеміс жебірлерімен және механикалық зақымдалуы арасында тығыз байланыс бар. Көпшілік өсімдік вироздары мен бактериоздарының инфекциясы пісіп-соратын бунақденелілер арқылы таралады.
Ауру инфекциясы өсімдікке жұғу үшін егілетін сорттар ауруға бейім болуы керек, сонда ғана патоген ұлпалардан жасушаға еніп, ауру белгілері байқалады. Өсімдіктердің ауруға беріктігі өсу кезеңіне, ауа-райы жағдайына, агротехника деңгейіне, минералды және органикалық тыңайтқыштар қолданылуы мен қатар түрлеріне, т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады.
Өсімдік ауруларымен күресудің экологиялық және экономика- лық тұрғыдан аса тиімді тәсілі - оларға берік сорттар шығарып, өндіріске ендіру болып саналады. Бірақ, ауруға толық берік немесе төзімділік көрсететін сорт шығарғанмен, бұл қасиет ұзақ мерзімге сақталмауы мүмкін. Оның басты екі себебі бар. Ауруға берік сорт біртіндеп, бұл қасиетін жоғалтуы мүмкін. Бұның негізгі себебі, ие- өсімдікпен қатар эволюция нәтижесінде патоген құрамында өзгерістер болып, берік сортқа бейімделген оның жаңа нәсілі пайда болуы мүмкін. Мәселен, ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерінде тат саңырауқұлақтары миллиондаған спора түзетінін және 7-10 тәулік сайын олар жаңа генерация, яғни өсімдіктің өсу кезеңінде бірнеше ұрпақ беретінін еске алсақ, ол ешқандай қиын емес. Сонымен қатар, патоген популяциясындағы құрылымдық өзге- рістер оның жыныстық жолмен көбейген кезінде, гендердің алмасуы және табиғатта жиі кездесетін мутация салдарынан да болады. Осыған байланысты патоген популяциясында болатын өзгерістерді тұрақты бақылау, аса зиянды ауруларға қарсы селекция жұмысы ұдайы және бірнеше бағытта жүргізілуі қажет.
Өсімдіктерді аурулардан қорғау үшін химиялық шара, атап айтқанда тұқымды препараттармен дәрілеу және егісті фунгицид- пен бүрку жұмыстары жүргізіледі. Осының салдарынан да ауру қоздырғыштарының популяциясында өзгерістер болып, олардың ішінде фунгицидке резистентті немесе төзімді формалар сұрыпта-луы мүмкін. Ие-өсімдіктің өсу кезеңінде бірнеше ұрпақ беретін ақ ұнтақ, тат және басқа ауру қоздырғыштары популяцияларында осындай өзгерістер болуы ықтимал. Соңғы 20-25 жылда астықпен қатар, көкөніс және бау-бақша дақылдарында триазол тобына жататын фунгицидтер жиі қолданылып келеді. Құрамында металак- сил мен манкоцеб бар ридомил дүниежүзінде картоп пен қызанақ- тың фитофтороз және макроспориоз, жүзімнің ақ ұнтақ және милдью ауруларына қарсы қолданылып келе жатқанына да 30-40 жылдан асты. Аталған ауру қоздырғыштарының өсімдіктің өсу кезеңінде бірнеше генерация беретінін ескерсек, олардың осы фунгицидтерге бейімделген немесе берік формаларының пайда болу мүмкіндігі өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет