Патогендік – микроағзаның ие-өсімдікті ауруға шалдықтыру, немесе оны жұқтыру қабілеттілігі. Кез келген патогенді ағза үшін
қоршаған ортаның жағдайы мен ие-өсімдіктің өсу кезеңдері және басқа ерекшеліктеріне байланысты ол әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Факультативті паразиттердің патогендік қабілеттігі өте жоғары келеді, олар өз ферменттерімен ие-өсімдіктің ұлпалары және жасушаларын тез өлтіріп, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Облигатты паразиттер тірі жасушаның органикалық заттарымен қоректенетіндіктен ие-өсімдікті өлтіру оларға тиімсіз. Сондықтан да олардың патогендік қасиеті төменірек келеді.