Дәріс 9 Тақырыбы: Материалдарды жіктеу және сұрыптау. Қатты заттарды араластыру. Қатты ұсату Жіктеу



бет4/5
Дата11.11.2022
өлшемі25,36 Kb.
#157795
1   2   3   4   5
Байланысты:
силлабус 8 (копия)

Ұнтактау тәсілі бойынша – кескіш, ысқылағыш, езгіш, соққыш және т.б. машиналар;
Ұнтақтау дәрежесі бойынша – орташа және майда, ұсақ және өте ұсақ (коллоидті) ұнтақтайтын диірмендер;
Жұмыс инструменті бойынша – дисклі, шарлы, роторлы және т.б. машиналар.
Орташа және майда ұнтақтайтын машиналар
Шөп кескіштер: дисклі және барабанды.
Гильотинді пышақтары бар тамыр кескіштер.
Соққыш дисклі диірмендерге дисмембратор және дезинтегратор жатады. Ұнтақтау дәрежесі 10 тең.
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар
Корпусы айналмалы барабанды диірмендер. Жұмыс инструменты бойынша олар шарлы және стерженьді болады.
Артықшылықтары: құрылысы және жұмыс істеу қарапайымдығы, шаңды сыртқа шығармайды. Ұнтақтау дәрежесі 100 тең.
Өте ұсақ және коллоиді ұнтақтауға арналған машиналар
Вибрациялық диірмендер. Бөлшектердің бастапшы өлшемдері 1-2 мм, соңғысы – 1-5 мкм. Диірменнің қозғалу жиілігі 1500-3000 қоз./мин. Вибрациялық диірмен горизонталды орналасатын цилиндр түрде, оның ішкі көлемін 30%-ға дейін шарлармен немесе стерженьдермен толтырады. Осы диәрмендер тек құрғақ заттарды емес, сонымен бірге ылғалды материалдарды ұнтақтайды. Артықшылығы – дисперстіктің жоғары дәрежесі. Кемшілік - өнімділігі төмен және шарлар мен стерженьдердің тез тозуы. Корпус салқындататын суды беруге арналған «бу көйлегімен» қамтамасыз етіледі. Ұнтақтау дәрежесі 1000 тең.
Ұнтақталған заттарды бөлу
Затты фракцияларға бөлу келесі тәсілдерімен орындалуы мүмкін:
Механикалық бөлу (елеуіштердің көмегімен).
Гидравликалық бөлу (бөлшектерді сұйық ортада тұну жылдамдығына тәуелді бөлу).
Пневматикалық (ауа немесе газ ағынында бөлшектердің салмағына тәуелді бөлу).
Ұнтақталған заттарды араластыру
Араластыру – бір немесе бірнеше заттардың бөлшектерінің массада біркелкі таралуын қамтамасыз етеін процесс, сондықтан өте жауапты операция болып саналады. Дәрілік заттың массада біркелкі таралуы оның дәл дозалануына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе күшті әсер ететін заттармен дәрілерді дайындағанда өте маңызды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет