Дәріс 9 Тақырыбы: Материалдарды жіктеу және сұрыптау. Қатты заттарды араластыру. Қатты ұсату Жіктеу


Материалдардың араласу сапасы келесіге тәуелді



бет5/5
Дата11.11.2022
өлшемі25,36 Kb.
#157795
1   2   3   4   5
Байланысты:
силлабус 8 (копия)

Материалдардың араласу сапасы келесіге тәуелді.Бөлшектердің пішініне (формасына), физико-химиялық қасиеттеріне, тығыздығына, сусымалдылығына, үйкеліс коэффициентіне, ылғалдылығына және т.б. Араластырғыш аппараттың түріне, құрылысына, көлеміне, тиеуші және шығарушы қондырғылардың орналасуына және т.б. Массаның әр компонеттінің араластыру жағдайларына, аппарат пен қоспан көлемдерінің қатынасына, араластыратын компонентерді аппарат ішіне салу тәсіліне, кезектігіне және жылдамдығына.
Араластырғыштар машиналар -сусымалды немесе ылғалды заттардың бір бірінде біркелкі таралуын қамтамасыз ететін аппараттар
Араластырғыш машиналар үздікті, жартылай үздікті және үздіксіз істетін қондырғылар.
Конструкция бойынша олар келесіге бөлінеді:
-Айналмалы корпусымен;
-Айналмалы қалақшаларымен;
-Жалған қайнау қабатта араластыратын;
-Ортадан тепкіш күшпен істейтін.
Ұнтақтар
Ұнтақтар дегеніміз бір немесе бірнеше, сыртқа немесе ішке қолданылатын, сусымалдылық қасиеттке ие болған қатты дәрілік түр.
Ұнтақтардың артықшылықтары:
-Жеңіл дайындаулуы, 
Толықтырғыштардың болмау,
Дәрілік заттың дисперстік дәрежесін реттеу және оның биологиялық тиімділігіне әсер ету мүмкіндігі.
Ұнтақтардың кемшіліктері: дұрыс сақтамаған кезде ұнтақтар ылғалданып түйірленеді, бөгде иістерді өзіне сіңіреді, шырышты қабаттарға тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін және т.б.
Ұнтақтардың технологиясы келесі сатылар мен операциялардан турады:
1.Бастапқы заттарды ұнтақтау;
2.Илеу;
3.Араластыру;
4.Стандарттау,
5.Бөлшектеу мен орамдау.
Жинақтар
Дәрілік жинақтар дегеніміз кесілген немесе ірі ұнтақталған бірнеше өсімдік шикізатанын дайындалған қоспалар. Олардың құрамына тұздар, эфир майлар және т.б. заттар қосылуы мүмкін.
Жинақтар -ертеден келе жатқан дәрілік түрлер. Қазіргі уақытта оларды фармацевттік фабрикалар мен заводтарда дайындалады, дәріханаға оларды дайын орамдалған түрде жібереді.
Артықшылықтары:
-Шикізаттың қол жеткіліктігі;
-Дайындау салыстырмалы женілдігі.
Кемшіліктері:
-Жинақтар аяқталмаған дәрілік түр болып саналады,
-Науқас өзі оны қосымша өңдеу керек (қайнату, тұндыру, жандыру);
Қолдану кезінде дозалануының дәл еместігі (сондықтан жинақтардың құрамына күшті әсер ететін заттарды және өсімдіктерді енгізбейді).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет