«нені зерттеу қажет?» Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсаттарының
бірі – белгілі бір тақырып бойынша көбірек білу және осы тақырыпты жетілдіру жолдарын
айқындау.
Зерттеу – белгілі бір мәселе жөнінде кеңінен іздестіру жұмысын жүргізу. Ал
зерттеу әдісі – жекелей
немесе топ болып мәселені анықтау және оның шешілу жолдарын анықтау.
Дәлел – зерттеу арқылы фактілер мен дәйектер жинау.
Зерттеу жұмысының ең негізгі үдерісінің бірі – қызығушылық тудырған саланы
ықшамдай алу. Қызығушылығына қарай, автор мәселені нақты әрі түсінікті етіп зерттей
алатындай сұрақты табуы тиіс. Зерттеу сұрағы анық болған сайын оған жауап беру мен оны
зерттеу үдерісі түсінікті бола түседі. Зерттеу сұрағын құру үшін мынадай қарапайым
үдерісті жүзеге асырған дұрыс:
Бірінші, зерттеу саласы: ғылым сан-салалы. Автор өзін қызықтыратын саланы
анықтау үшін мынадай қарапайым екі сұрақты қоя алады: Мені не қызықтырады? Бұл сала
мені не үшін қызықтырады? Мәселен,
Қазақстан экономикасы қызықтырады. Екінші, зерттеу бағыты: салалардың ішінен қай бағыт қызықтыратынын анықтап
алу қадет. Мәселен,
Мені Қазақстанның Кеден одағына қосылғаннан кейінгі жағдайы қызықтырады Үшінші, зерттеу сұрағы: жазба жұмысының негізгі зерттеу сұрағын анықтап алу
керек. Мүмкіндік пен уақытты ескере отырып зерттеу сұрағын таңдау қажет. Кейде бір
немесе бірнеше, тіпті шағын сұрақтар туындауы мүмкін. Мәселен,
Қазақстан экономикасына Кеден одағы қандай пайда әкелді? Кеден одағы экономикамыздың қай саласының дамуына ықпал етті? Тақырыпқа қатысты ақпараттарды табу зерттеу сұрағы мен зерттеу тақырыбын
таңдауға және зерттеу жоспарын құрып, оны жүзеге асыру үдерісіне көшуге мүмкіндік
береді. Ақпараттардың сенімділігіне көз жеткізіп болған соң, оларды синтез немесе анализ
жасау арқылы қолдану жолдарын қарастыруға болады. Ақпараттарды дереккөз ретінде
пайдалану және қолданылған әдебиеттер тізімінде дұрыс безендіру үшін қай жерден
алынғанын арнайы жеке қағазға мұқият жазып отыру қажет.