Дәріс 10. Ақиқат – өзін-өзі тану мақсаты. Адам өміріндегі шындықтың мәні, оның ар-ұжданмен байланысы
Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі.Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, музыка зерттеушісі.
Фарабидің философиялық көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.Ол ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ деді. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ол «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт бақыт үшін жаралған» дейді. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді. «Ол білімнің мәні қандай? Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деп түйіндейді.
Шәкәрім « ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды, азғыруға көнбейді, әр кез кемелдене түседі, сондықтан да ол өзі үшін оның шарықтауын жылдамдататын себептерді міндетті етеді» . Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік категориясы ретінде емес, өлмес адам жанының мәңгілік қажеттіліктері және өзіндік ерекшелігі бар субстационалдық негіз ретінде түсіндіреді . Шәкәрімнің философиясы Ар-ождан - адам жанының негізгі қажеттілігі, адамды зұлымдықтан арылтатын және оны дұрыс жолға түсіретіні анық жол.
Ақиқат – өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып,материалдық материалдық әлем ретінде көрініс береді үшін пайдаланды.
Ақиқат жол жөнекей жұлып ала салатын гүл емес,ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты.
Гераклит
Бұл – адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның өлмес Рухы басқа қоректі талап етеді және де таба алмастан ашығып қажиды.
К.Д.Ушинский
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
«Менікі» мен «Менікінің» мағынасы екі.
«Мен » өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін,оған бекі
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келмес,
«Мені » мен «менікінің» айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.
Абай
Мейірімділік,сүйіспеншілік,қайырымдылық,адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді. Сол үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бір-бірімен тату тұруында сөз жоқ.
Шәкәрім
Шәкәрім «ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды, азғыруға көнбейді, әр кез кемелдене түседі, сондықтан да ол өзі үшін оның шарықтауын жылдамдататын себептерді міндетті етеді».
Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік категориясы ретінде емес, өлмес адам жанының мәңгілік қажеттіліктері және өзіндік ерекшелігі бар субстационалдық негіз ретінде түсіндіреді . Шәкәрімнің философиясы Ар-ождан - адам жанының негізгі қажеттілігі, адамды зұлымдықтан арылтатын және оны дұрыс жолға түсіретіні анық жол.
Достарыңызбен бөлісу: |