Дәріс Қазіргі әлемдегі өзін-өзі тану тұжырымдамаларының басымдылығы. Қазіргі заманның ғаламдық қпроблемалары


Дәріс 9. Абслоютті мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар



бет11/13
Дата11.03.2022
өлшемі127 Kb.
#135223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
дәрістер ҚӘӨӨТТ АБА 2

Дәріс 9. Абслоютті мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.
Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.
Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.
Негізгі бес абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
2.СҮЙІСПЕНШІЛІК
Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.
3. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.
4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.
5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.
Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсолюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. ( Лернер, Оконь ,Зорина)
Құндылықтарға бағытталған материалдарда білім берудің базалық мазмұнын енгізу мәселесі рухани адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан да,қазіргі білім мазмұнында бар материалды пайдалану,онда назардан тыс қалған құндылықтың әлеуетін,жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет